Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Үкіметтің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 ақпан N 303. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.08.17. N 1269 қаулысымен. ~P001269

      Заң жобалау қызметiн институционалдық нығайтуды жүзеге асырудың тиiмдiлiгін арттыру және жалпы ұлттық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заң жобасы және сараптамалық жұмысты ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесi жарғылық капиталда мемлекеттiң 100-проценттік қатысуымен "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Заң шығару институты) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Заң шығару институтының негізгі мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдарын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен орталық атқарушы органдарының қызметiн құқықтық қамтамасыз ету саласында зерттеу жүргізу болып белгіленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру жөнiндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртiппен: 
      1) Заң шығару институтының жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
      2) Заң шығару институты акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берсiн; 
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің    2004.10.28. N  1120  қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі