"Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 тамыз N 1261. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 290 қаулысымен. ~P010290

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына:
      Жанәбiлов Мият Саттарұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға;
      Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;
      Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi;
      Бектасов Әбен Ағыбайұлы құрамында Директорлар кеңесiн сайлауды;
      2) қоғамның тиiстi органына Әбен Ағыбайұлы Бектасовты "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының президентi етiп сайлауды;
      3) көрсетiлген құрамнан Бiржан Мұхаметжанұлы Мәдиевтi, Нұрлан Зәркешұлы Сақыповты шығаруды ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк комитетi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының мәселелерi бойынша бұрын қабылданған өзiнiң барлық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      3. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың мәселелерi туралы" Қазақстан

 

Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 


P990308_


  қаулысы

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат) 1-тармағы 8)

тармақшасының жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.