Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнде әскери кафедра құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 тамыз N 1249

Жаңартылған

      Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. <*>
      2. <*>
       Ескерту. 1,2-тармақтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.17. N 551   қаулысымен .
      3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiндегi: 
     "Университеттер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi, Орал қаласы".
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі