Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң кейбiр ұйымдары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 9 тамыз N 1227

Жаңартылған

      "2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 17 шiлдедегi N 912 қаулысынасәйкес және стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы құрылымды оңтайландыру әрi бәсекелестiк ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары: 
      1) "Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" мен "Мемлекеттiк алкогольдiк өнiмдi өндiрушiлердi тексеру орталығын" қайта құру арқылы оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ашық акционерлiк қоғамы болып; 
      2) "Қазсертико" мемлекеттiк ғылыми-практикалық орталығы" мен "Стандарттау метрология және сертификаттау саласындағы бiлiктілік арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта құру арқылы оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Ұлттық тiркеу орталығы" ашық акционерлiк қоғамы болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қарамағындағы мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының атаулары: 
      1) "Стандарттау мен стандартты үлгiлердiң мемлекеттiк ақпараттық орталығы" - "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" 
      2) "Метрология" - "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" болып қайта аталсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мынадай мемлекеттiк мекемелерi: 
      1) "Орталық Қазақстан мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық қызметi"; 
      2) "Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық қызметi" таратылсын. 
      4. 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң бекiтілген штат саны лимитi шегiнде, аталған Комитеттiң аумақтық органдары ретiнде мемлекеттiк мекемелерi құрылсын. 
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      1) жарғыны бекiту кезiнде: 
      "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ашық акционерлiк қоғамына: стандарттаудың, метрология және сертификаттаудың аймақтық жүйелерiн әзiрлеуге қатысу; техникалық жағдайларды сараптау; өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау мен қалыптауды қамтамасыз ету, тексеру; сынаулар жүргiзу; өнiм, қызмет көрсету, өндiрiс пен сапа жүйесiн сертификаттау жөнiнде жұмыстар жүргiзу; тауардың шығарылу тегiн сараптау; сәйкестiгi мен сапасына сертификат беру; бағалы металдар мен олардың шетелдiк және отандық қорытпаларынан жасалған зергерлiк және тұрмыстық бұйымдарына сынама жасау; қымбат металдар мен асыл тастарға техникалық сараптау жүргiзу;
      2) құрылып жатқан ашық акционерлiк қоғамдардың, мемлекеттiк мекемелердiң әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн және қайта аталған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13.  N 46 , 2001.10.31. N  1384 қаулыларымен.
       6. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                 
2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227       
қаулысына                 
1-қосымша                 

        Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және 
      сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және
       сертификаттау жөніндегi комитетінің мемлекеттiк
           қадағалау бойынша мемлекеттiк мекемелерiнiң
                           тiзiмi

      1. Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың 
   мемлекеттiк қадағалау басқармасы.            Көкшетау қаласы
2. Астана қаласы бойынша Мемстандарттың
   мемлекеттiк қадағалау басқармасы.            Астана қаласы
3. Ақтөбе облысы бойынша Мемстандарттың
   мемлекеттiк қадағалау басқармасы.            Ақтөбе қаласы
4. Алматы облысы бойынша Мемстандарттың
   мемлекеттік қадағалау басқармасы.            Алматы қаласы
5. Алматы қаласы бойынша Мемстандарттың
   мемлекеттiк қадағалау басқармасы.            Алматы қаласы 
6. Атырау облысы бойынша Мемстандарттың
   мемлекеттік қадағалау басқармасы.            Атырау қаласы
7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша
   Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау
   басқармасы.                                  Өскемен қаласы
8. Жамбыл облысы бойынша Мемстандарттың
   мемлекеттік қадағалау басқармасы.            Тараз қаласы
9. Батыс Қазақстан облысы бойынша
   Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау
   басқармасы.                                  Орал қаласы 
10. Қарағанды облысы бойынша Мемстандарттың
    мемлекеттік қадағалау басқармасы.           Қарағанды қаласы
11. Қостанай облысы бойынша Мемстандарттың 
    мемлекеттік қадағалау басқармасы.           Қостанай қаласы
12. Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың
    мемлекеттік қадағалау басқармасы.           Қызылорда қаласы
13. Маңғыстау облысы бойынша Мемстандарттың 
    мемлекеттік қадағалау басқармасы            Ақтау қаласы
14. Павлодар облысы бойынша Мемстандарттың 
    мемлекеттiк қадағалау басқармасы.           Павлодар қаласы
15. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
    Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау
    басқармасы.                                 Петропавл қаласы 
16. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
    Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау
    басқармасы.                                 Шымкент қаласы 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң      
2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227        
қаулысымен                  
бекітілген                  

                 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
      кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен
                       толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N  1209 қаулысымен.
      3. "Метрология" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1342  қаулысына
      1) тақырыбында және мәтiндегi "Метрология" деген сөз "Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "халықаралық талаптарға сай өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн метрология жөнiндегi техникалық (эталондық) базаны және нормативтiк құжаттардың үйлесiмділігiн жетiлдiру, метрология бойынша оларды тiркеу кезiнде ұйымдарды техникалық тексеру, осы салада мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру". 
      4. "Мемлекеттiк акциялар пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат.): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, мемлекеттiк акциялар пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерi тiзбесiнде: 
      "Астана қаласы" бөлiмi реттiк нөмiрi 21-1, 21-2-мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "21-1 "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ААҚ; 
      "21-2 "Ұлттық тiркеу орталығы" ААҚ. 
      "Алматы қаласы" бөлiмiнде: 
      реттiк нөмiрi 123-6 АЛА - 000283 "Авиажөндеу зауыты N 405" ААҚ жолындағы "123-6" деген сан "123-8" деген санмен ауыстырылсын. 
      5. "Республикалық меншiктегi ұйымдарға мемлекеттiк акциялар пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiн иелену және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      Мемлекеттiк акциялар пакеттерi мен республикалық меншiктегi ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерiн иелену және пайдалану құқығы берiлген салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 118-17, 118-18-жолдармен толықтырылсын:
     "118-17       "Ұлттық сараптау мен сертификаттау орталығы" ААҚ;
     "118-18       "Ұлттық тiркеу орталығы" ААҚ.
     6. <*>
      Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.18. N  1552 қаулысымен.