"Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 тамыз N 1217

Қолданыстағы

      Орталық Қазақстанды және Астана қаласын сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы сумен жабдықтау саласында

 

шаруашылық қызмет жүргiзу болып айқындалсын.

     4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi заңнамада

белгiленген тәртiппен:

     1) Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

     5.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951 P001951_ қаулысымен.

     6. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы; 1996 ж., N 29,

256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiнде:

     "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау

министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi:

     "125-1 "Қаныш Сәтпаев атындағы

     Ертiс-Қарағанды каналын" пайдалану

     жөнiндегi республикалық

     мемлекеттiк кәсiпорны                                 Астана қаласы"

жолы мынадай редакцияда жазылсын:

     "125-2 "Қаныш Сәтпаев атындағы

     канал" республикалық

     мемлекеттiк кәсiпорны

     (шаруашылық жүргізу

     құқығындағы)                                          Астана қаласы"

     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Оқығандар:   

     Қобдалиева Н.М.

     Икебаева А.Ж.