Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1111 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1951

      Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру қызметiн реттеу жөнiндегi жаңа талаптарға көшуге бейiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" V001162_ 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуы 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмге тоқтатылсын.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк 
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi 
бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдары мен сақтандыру және қайта сақтандыру 
ұйымдарына жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.


     Ұлттық Банк
      Төрағасы     
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.