Бiлiм беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және мемлекеттiк басқару органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссияның құрамы бекiтілсiн.
3. Комиссияға бiлiм беру, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi
ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты үйлестiру жүктелсiн.
4. Мыналардың:
"ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясын
құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24
желтоқсандағы N 1077
қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮКЖ-ы, 1992 ж, N 49, 720-құжат);
"ЮНЕСКО iстерi жөнiндегі Қазақстан Республикасы ұлттық комиссиясының
құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 30 наурыздағы
N 266
қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 7 тамыздағы
N 1210 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегі ұлттық
комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) бiлiм беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың ЮНЕСКО-ның халықаралық және аймақтық бағдарламаларына қатысуын жүзеге асыратын, сондай-ақ ЮНЕСКО хатшылығымен және ЮНЕСКО органдарымен байланыс жасайтын Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы ведомствоаралық консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, ЮНЕСКО-ның жарғысын және ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиялардың жарғысын, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
3. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi; Комиссия қызметiне жалпы бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады. Комиссия өзiнiң құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын тартуға құқылы.
2. Комиссияның негiзгi функциялары
4. Комиссияның басты мақсаты ЮНЕСКО-ның құзыретiндегi салаларда халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ халықтардың өзара түсiнiсуiне, бiлiм беру бағдарламаларын жетiлдiруге, мәдениеттiң сан алуандығын дамытуға және таратуға, мәдени мұраларды, дәстүрлi машықтар мен бiлiмдердi сақтауға және көбейтуге, ақпараттың еркiндiгiне жәрдемдесуге бағытталған ЮНЕСКО-нiң қызметiне қатысу арқылы адамдардың рухани келiсiмi мен топтасуына жәрдем көрсету болып табылады.
Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ЮНЕСКО-ның құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және жекелеген азаматтармен ынтымақтастық жасайды;
2) талап етiлетiн интеллектуальдық, ғылыми, әкiмшiлiк және шығармашылық қолдау көрсетудi қамтамасыз ете отырып, ЮНЕСКО бағдарламаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың қатысуына жәрдем көрсетедi;
3) ЮНЕСКО-ның мақсаттары, бағдарламалары және қызметi туралы ақпарат таратады;
4) халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығымен немесе олардың қолдау көрсетуiмен жүзеге асырылатын бiлiм беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
5) уақытша немесе тұрақты негiзде ЮНЕСКО-да жұмыс iстеу үшiн үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарының, ЮНЕСКО-ның Хатшылығы мен оның органдарының арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етедi, сондай-ақ ұлттық комиссиялар үшiн көзделген ЮНЕСКО-ның тұрақты консультациялары мен кеңестерiне қатысады;
7) ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлдiгi арқылы басқа да ұлттық комиссиялардың өкiлдiктерiмен және ЮНЕСКО-ның үкiметаралық органдарымен, комитеттерiмен және комиссияларымен ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ЮНЕСКО-ның басшы органдарының қызметiне қатысуын қамтамасыз етедi;
8) ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламаларының дамуын қадағалайды және ынтымақтастықтың басымдықты бағдарламаларына қатысуға тиiстi мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарды тартады;
9) ұлттық деңгейде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты үйлестiредi және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы бағдарламаларының барысын бағалауды жүзеге асырады, ЮНЕСКО Хатшылығының сұрау салуы бойынша есептердi, статистикалық сауалнамаларды және өзге де ақпаратты дайындауды қамтамасыз етедi;
10) түрлi қазақстандық мекемелер жүзеге асыратын ЮНЕСКО-ның
бағдарламалары мен жобаларының iске асырылуына басшылық жасайды, сондай-ақ
ЮНЕСКО-ның аймақтық және халықаралық бағдарламаларына Қазақстан
Республикасының қатысуына жауапты болады;
11) ЮНЕСКО басшылық органдарының шешiмдерi, сондай-ақ маңызды
халықаралық форумдар мен кеңестер туралы ақпарат таратады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды
жүзеге асырады.
5. Комиссия, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын
Ислам конференциясы ұйымының мекемесi болып табылатын Бiлiм беру, ғылым
және мәдениет мәселелерi жөнiндегi ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты
жүзеге асырады.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияны Қазақстан Республикасының Үкiметi құрады және таратады.
7. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Yкiметi
бекiтедi.
ЮНЕСКО-ның жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлi лауазымы
бойынша Комиссия мүшесi болып табылады.
8. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде жүзеге асырылады. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ, кемiнде жылына екi рет, оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқан кезде өткiзiледi.
9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және дауыс беруге қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Дауыстар саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия шешiмдерi хаттамалық шешiмдер түрiнде ресiмделедi және қажет болған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылық назарына жеткiзiледi.
10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
11. Комиссияның Бас хатшысы Комиссияның ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады, Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi, ЮНЕСКО және ИСЕСКО-ның Хатшылықтарымен және олардың органдарымен хат-хабар алмасуды жүргiзедi, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО органдарында Комиссияның мүддесiн бiлдiредi.
12. Комиссияның ағымдағы қызметiн жүзеге асыру және мемлекеттiк, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен күнделiктi байланысты қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Бас хатшыға бағынатын хатшылық құрады, оған қатысушы министрлiктер мен ведомстволардың жауапты өкiлдерi кiредi. Хатшылық құрамы Комиссия отырысында бекiтiледi.
13. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссия
хатшылығын үй-жаймен, байланыс құралдарымен және ұйымдастыру техникасымен
қамтамасыз етедi, сондай-ақ хатшылықтың ағымдағы қызметiн жүзеге асыруға
байланысты шығыстарды төлейдi.
14. Комиссияны жинақтау, оның жұмыс құрал-жабдықтарын жаңғырту немесе
қатысу бағдарламасы шеңберiнде ұлттық өтiнiмдердi орындау мақсатында
ЮНЕСКО мен ИСЕСКО бөлетін қаржылық қаражатты мақсатты түрде пайдалануға
билiк етудi және бақылау жасауды Комиссия Төрағасы және Бас Хатшы жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 7 тамыздағы
N 1210 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов Иманғали - Қазақстан Республикасы
Нұрғалиұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім бірінші
вице-министрі;
Тұяқбаева Баян Тұматайқызы - Қазақстан Республикасының "Жібек жолы -
Қазақстан" ұлттық компаниясының Тарихи-мәдени
мұра ғылыми-өндірістік орталығының директоры
(келісім бойынша);
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы вице-министрi, төрағаның орынбасары
Арыстанбекова - Қазақстан Республикасының Француз
Ақмарал Хайдарқызы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті
Елшiсi, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО
жанындағы Тұрақты өкiлi, төрағаның орынбасары
Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Ержан Хозеұлы министрлiгi Көпжақты ынтымақтастық
департаментiнiң директоры, бас хатшы
Айтқожина - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Нағима Әбенқызы академиясының президентi
Ахметов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Әшiмжан Сүлейменұлы вице-министрi
Бектұрғанов Нұралы - Қазақстан Республикасының Білім және
Сұлтанұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Мұсатаев - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар
Мұрат Қабдылжаппарұлы және қоршаған ортаны қорғау вице-министрi
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Дүйсен Құрабайұлы және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет
комитетiнiң төрағасы
Әлiмбай Нұрсан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
мұражайының директоры (келiсiм бойынша)
Байпақов - Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының
Карл Молдахметұлы директоры (келiсiм бойынша)
Бердiғалиева - Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасының
Роза Аманғалиқызы директоры (келiсiм бойынша)
Веселов - Гидрогеология және гидрофизика институтының
Василий Васильевич директоры, ЮНЕСКО-ның халықаралық
гидрологиялық бағдарламасы жөнiндегi ұлттық
комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Баққожа - "Парасат" журналының бас редакторы (келiсiм
Мұқаи Сейдинұлы бойынша)
Мәмбетов - К.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық
Азербайжан Мәдиұлы драмтеатрының көркемдiк жетекшiсi (келiсiм
бойынша)
Жолдасбеков - Л. Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң
Мырзатай Жолдасбекұлы ректоры (келiсiм бойынша)
Мұсаходжаева - Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры
Айман Қожабекқызы (келiсiм бойынша)
Нәрібаев - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Көпжасар Нәрібайұлы университетiнiң ректоры (келiсiм бойынша)
Северский - География институтының директоры,
Игорь Васильевич ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" халықаралық
гидрологиялық бағдарламасы жөнiндегi ұлттық
комитеттiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Тарази Әкім - Жазушы (келiсiм бойынша)
Тарасов - Астана қаласы Мемлекеттiк орыс драма
Валерий Васильевич театрының директоры (келiсiм бойынша)
Өмірбеков - Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы
Байтұрсын Есжанұлы Мемлекеттiк өнер мұражайының директоры
(келiсiм бойынша)
Уалиханов - Қазақстан Республикасы Мәдени ескерткiштердi
Шота Ыдырысұлы қорғау қоғамының төрағасы (келiсiм бойынша)
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.06.15.
N 820 қаулысымен.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.