Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 маусым N 820. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 526 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 526 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1210 P001210_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 413-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

      Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;

      Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі;

      Тұяқбаева Баян Тұматайқызы - Қазақстан Республикасының "Жібек жолы -

     

      Қазақстан" ұлттық компаниясының Тарихи-мәдени мұра ғылыми-өндірістік

      орталығының директоры (келісім бойынша);

      ал, "Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының

      Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Білім және

      ғылым министрі, төрағаның орынбасары";

      көрсетілген комиссияның құрамынан:

      Көшербаев Қырымбек Елеуұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Икебаева А.Ж.