1. "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурызындағы N 383 P000383_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Түстiсубъектiсiнежәне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiнде:
3 тарау мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2 тармақтармен толықтырылсын:
"20-1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғаларға (қолданылған рельстердi, темiр жол төсеніштерi мен жылжымалы құрамның элементтерiн қоспағанда) түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатуға осы қалдықтарды кейiн металлургиялық өндiрiсi бар Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына тапсыруға лицензия беру оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.
20-2. Шағын кәсіпкерлiк субъектiсi оңайлатылған тәртіппен лицензия алу үшiн өтiнiш берушi Лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгiленген нысандағы өтiнiш;
2) өтiнiш берушiнiң шағын кәсіпкерлік субъектiсiне жататындығы туралы мәлiмет (жарғының, мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы куәлiктiң, статистикалық картаның, салық төлеушiнің тiркелген нөмiрiнiң көшірмелерi);
3) бiлiктi қызметшiлер мен өндiрiстiк базаның (тиеу техникасы,
автокөлiк) бар-жоғы туралы қысқаша мәлiмет; 4) Лицензиар бекiткен үлгiлiк нұсқаулықтың негiзiнде әзiрленген түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi нұсқаулық; 5) лицензиялық алымды төлегендігiн растайтын құжат." 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Орынбекова Д.Қ. Қобдалиева Н.М.