Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 тамыз N 1171

Қолданыстағы

      Алматы облысының аумағындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Алматы облысының әкiмiне облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың зардабын жоюға 30(отыз) миллион теңге, оның iшiнде:
      Талғар өзенiнiң жағасындағы сел қаупi бар аймақтан 17 отбасын бiрiншi кезекте көшiруге - 7 (жетi) миллион теңге;
      Талғар өзенiнде жағалауды бекiту жұмыстарын жүргiзуге және Кең дала селосындағы көпiрдi бекiтуге - 1 (бір) миллион теңге;
      Талдықорған қаласының маңындағы Қаратал өзенiнде жағалауды бекiту жұмыстарын жүргiзуге және көпiрдi қалпына келтiруге - 3 (үш) миллион теңге;
      Іле өзенiнде Тасмұрын каналы ауданында жағалауды бекiту жұмыстарын жүргiзуге - 2 (екі) миллион теңге, оның iшiнде Iле өзенi арқылы өтетiн көпiрдi бекiтуге 1 (бір) миллион теңге;
      Балатопар және Желтұрағы елдi мекендерiнде жағалауды бекіту жұмыстарын жүргiзуге және тұрғын үйлердi қалпына келтiруге - 3 (үш) миллион теңге;
      Шелек селосындағы су тасқынының зардабын жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге және Ават селосындағы Бесағаш өзенiнде жағалауды бекiтуге - 7 (жеті) миллион теңге;
      Қаскелең өзенiнiң жағалауларын бекiту жөнiндегi жұмыстарды орындауға - 3 (үш) миллион теңге;
      Yшарал қаласындағы Тентек өзенiнде жағалауды бекiту жұмыстарын

 

жүргiзуге және бөгет салуға - 1 (бiр) миллион теңге;

     мектептер мен ауруханалардың қираған шатырларын қалпына келтiруге - 3

(үш) миллион теңге бөлiнсiн.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.09. N 1370         

              қаулысымен. 


P001370_
 


     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951         

              қаулысымен.


P001951_
 


     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     3. Алматы облысының әкiмi 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан

Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне орындалған

жұмыстардың көлемдерi мен құны туралы есеп берсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.