Әуежайлар қызметтерiнiң тиiмдi және сапалы жұмысына қол жеткiзу, халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсету мәдениетiн жақсарту, авиажолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттiк органдардың келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ ел экономикасына шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ететiн Қазақстан Республикасының имиджiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестірушi болып белгiленсiн.
2. Халықаралық авиарейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi және оларды теңдеме жүктерi мен жүктердi ресiмдеудi:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң кеден органдарымен бiрлесiп халықаралық рейстерге қызмет көрсететiн әуежайлардың қызметтерi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.
Әуежайдың әкiмшiлiгi халықаралық авиарейстерде авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 27 шілдедегі
N 1132 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне
өзгерiстер мен толықтырулар
1. <*>
Ескерту. Қаулының 1-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 781
қаулысымен
.
2. "Жүзу құралдарының, мұз үстімен жүретін құралдардың орналасқан жерiнен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресiмдеудiң тәртiбi және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан пункттерiн жабдықтау тәртiбi туралы нұсқама мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi шекаралық режимнің ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 20
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 1, 8-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi шекаралық режимнiң ережелерiнде:
мәтiн бойынша "Шекара әскерлерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "шекара әскерлерiмен" деген сөздерден кейiн "кеден органдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi, кедендiк қызмет және көлiктiк ұйымдардың әкiмшiлiгi шекаралық және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн үй-жайлар мен өзге де орындарды белгiлейдi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi көлiктік ұйымдардың әкiмшiлiгiмен, кеден органдарымен келiсiм бойынша осы жерлерде қосымша режимдiк iс-шаралар белгілейдi, олар:";
төртiншi абзацтағы "көлiк кәсiпорындарының қызметкерлерiне" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметiнiң әскери қызметшілерiне және кеден органдарының қызметкерлерiне" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, почтаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы N 723
қаулысына
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, почтаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң ережелерiнде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Халықаралық авиажелiлерде қол жүгiн, теңдеме жүктi бақылауды, тексерудi, жолаушылар мен әуе кемелерi экипаждарының мүшелерiн, сондай-ақ жүктердi, почтаны, борт тағамын жеке тексерудi Қазақстан Республикасы әуежайларының, кеден және шекара органдарының қызметкерлерi жүргiзедi";
2-тармақтағы "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кірiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қол жүгiн, теңдеме жүктi, бақылау мен тексеру және жолаушыларды жеке тексеру ұшуға арналған билеттi ұсыну бойынша жүргiзiледi".
4. "1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Рсспубликасының шекарасын аса қауiптi жұқпалы аурулардан санитарлық қорғау" мақсатты кешендiк бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 11 ақпандағы N 93
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 4, 26-құжат):
4-тармақ "санитарлық-эпидемиологиялық, малдәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырушы мамандарды" деген сөздерден кейiн "тазартылған аймақтан тысқары жерлерде" деген сөздермен толықтырылсын.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.28.
N
407
қаулысымен.