Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1125

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 P950557_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат):
      мәтiндегi "Көлiк, коммуникациялар және туризм" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшаның жаңа редакциясы қосымшаға сәйкес жазылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1397 P981397_ қаулысына:
      1-тармақтағы "тәртiбi" деген сөз "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аумағы

бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алымдарды төлеудiң тәртiбi 
мен олардың ставкаларында:
     атауындағы "тәртiбi" деген сөз "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
     1-тармақтың екiншi-бесiншi абзацтары алынып тасталсын;
     2-тармақтағы "тәртiбі" деген сөз "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
     4-тармақтағы "50 АҚШ долларына баламды сомаға", "260 АҚШ долларына 
баламды сомаға", "300 АҚШ долларына баламды сомаға" және "1000 АҚШ 
долларына баламды сомаға" деген сөздер тиiсiнше "10 айлық есептiк 
көрсеткiшке", "55 айлық есептiк көрсеткiшке", "60 айлық есептiк 
көрсеткiшке" және "200 айлық есептiк көрсеткiшке" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     12-тармақтағы 1-кесте жаңа редакцияда жазылсын:
                                                                   1-кесте
---------------------------------------------------------------------------
Жалпы нақты салмақ.!1 км жол жүру !Жалпы нақты салмақ. !1 км жол жүру үшін
тың рұқсат етілген !үшін тариф,   !тың рұқсат етілген  !тариф, айлық есеп.
салмақтан асуының  !айлық есептік !салмақтан асуының   !тік көрсеткішпен
шамасы, т          !көрсеткішпен  !шамасы, т           !          
---------------------------------------------------------------------------
0,1-ден 5-ке дейін   0,004          26-дан 30-ға дейін   0,046     
6-дан 10-ға дейін    0,006          31-ден 35-ке дейін   0,067
11-ден 15-ке дейін   0,012          36-дан 40-қа дейін   0,093
16-дан 20-ға дейін   0,020          41-ден 45-ке дейін   0,127
21-ден 25-ке дейін   0,030          46-дан 50-ге дейін   0,172
---------------------------------------------------------------------------
     
     13-тармақтағы 2-кесте жаңа редакцияда жазылсын:   
                                                                   2-кесте 
---------------------------------------------------------------------------
Нақты білік              !Әр білік. !   Нақты білік         !Әр біліктің   
жүктемесінің             !тің 1 км  !   жүктемесінің        !1 км жол
рұқсат етілген           !жол бойын.!  рұқсат етілген       !бойынша рұқсат
жүктемеге (НБ/РБ)        !ша рұқсат ! жүктемеге (НБ/РБ)     !етілгеннен    
арақатынасы              !етілгеннен!    арақатынасы        !асатын жүкте. 
                         !асатын    !                       !мемен жүріп
                         !жүктемемен!                       !өтуі үшін
                         !жүріп өтуі!                       !тариф, айлық
                         !үшін та.  !                       !есептік
                         !риф, айлық!                       !көрсеткішпен
                         !есептік   !                       !
                         !көрсеткіш.!                       !
                         !пен       !                       ! 
---------------------------------------------------------------------------
1,01-ден 1,05-ке дейін      0,022     1,51-ден 1,55-ке дейін      0,111   
1,06-дан 1,10-ға дейін      0,024     1,56-дан 1,60-қа дейін      0,130
1,11-ден 1,15-ке дейін      0,028     1,61-ден 1,65-ке дейін      0,148
1,16-дан 1,20-ға дейін      0,036     1,66-дан 1,70-ке дейін      0,172
1,21-ден 1,25-ке дейін      0,042     1,71-ден 1,75-ке дейін      0,192 
1,26-дан 1,30-ға дейін      0,051     1,76-дан 1,80-ге дейін      0,218
1,31-ден 1,35-ке дейін      0,061     1,81-ден 1,85-ке дейін      0,247
1,36-дан 1,40-қа дейін      0,071     1,86-дан 1,90-ға дейін      0,279
1,41-ден 1,45-ке дейін      0,083     1,91-ден 1,95-ке дейін      0,311
1,46-дан 1,50-ге дейін      0,097     1,96-дан 2,00-ге дейін      0,350
-------------------------------------------------------------------------- 
     
     14-тармақтағы "0,15 АҚШ долларына баламды сомада" деген сөздер "0,03 
айлық есептiк көрсеткiште" деген сөздермен ауыстырылсын;
     15-тармақтағы "11 АҚШ долларына баламды соманы" деген сөздер "2,2 
айлық есептiк көрсеткiштi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     17-тармақтағы "0,5 АҚШ долларына баламды сома" деген сөздер "0,1 
айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
     18-тармақтағы 3-кесте жаңа редакцияда жазылсын:
                                                                   3-кесте 
---------------------------------------------------------------------------
Нақты білік              !Рұқсат    !   Нақты білік         !Рұқсат  
жүктемесінің             !етілген   !   жүктемесінің        !етілген 
рұқсат етілген           !жүктемеден!  рұқсат етілген       !жүктемеден
жүктемеге                !асатын    ! жүктемеге             !асатын      
арақатынасы (НБ/РБ)      !жүктемемен! арақатынасы (НБ/РБ)   !жүктемемен    
                         !қалалық   !                       !қалалық  
                         !жолдың 1  !                       !жолдың 1  
                         !км бойынша!                       !км бойынша
                         !әрбір бі. !                       !әрбір біліктің
                         !ліктің жү.!                       !жүріп өтуі   
                         !ріп өтуі  !                       !үшін тариф,
                         !үшін та.  !                       !айлық есептік
                         !риф, айлық!                       !көрсеткішпен
                         !есептік   !                       !
                         !көрсеткіш.!                       !
                         !пен       !                       !
---------------------------------------------------------------------------
1,01-ден 1,05-ке дейін      0,063     1,51-ден 1,55-ке дейін      0,677   
1,06-дан 1,10-ға дейін      0,083     1,56-дан 1,60-ка дейін      0,820
1,11-ден 1,15-ке дейін      0,109     1,61-ден 1,65-ке дейін      0,990
1,16-дан 1,20-ға дейін      0,141     1,66-дан 1,70-ке дейін      1,186
1,21-ден 1,25-ке дейін      0,182     1,71-ден 1,75-ке дейін      1,417 
1,26-дан 1,30-ға дейін      0,230     1,76-дан 1,80-ге дейін      1,681
1,31-ден 1,35-ке дейін      0,291     1,81-ден 1,85-ке дейін      1,986
1,36-дан 1,40-қа дейін      0,364     1,86-дан 1,90-ға дейін      2,336
1,41-ден 1,45-ке дейін      0,451     1,91-ден 1,95-ке дейін      2,736
1,46-дан 1,50-ге дейін      0,554     1,96-дан 2,00-ге дейін      3,191
-------------------------------------------------------------------------- 
     


      19-тармақтағы "0,42 АҚШ долларына баламды сома" деген сөздер "0,1 айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтағы "25 АҚШ долларына баламды соманы" деген сөздер "5 айлық есептiк көрсеткішті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақтағы және 24-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Көлiк, коммуникациялар және туризм" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүріп өтуi үшiн алымдардың дұрыс есептелуiн, республикалық бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне жүктеледi".
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң автомобиль жолдары бойынша мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының салмақтары мен көлемдерi туралы келiсімнің депозитариін Қазақстан Республикасы қол қойған кезде жасаған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының рұқсат етілген параметрлерiне қатысты ескертпелердiң алынып тасталатындығы туралы хабардар етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 тамызынан бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2000 жылғы 25 шілдедегi N 1125 қаулысына қосымша

                                      Қазақстан Республикасы Министрлер

Кабинетінiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 қаулысына 2-қосымша


     Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған 
көлiк құралдарының рұқсат етiлген параметрлерi
     1. Көлiк құралдарының ең үлкен көлемдерi:
---------------------------------------------------------------------------
    Көлемдердің атауы                     !  Көлемнің ең үлкен мөлшері, м
---------------------------------------------------------------------------
Ұзындығы:                                      
жүк автомобилінің                              12,00
автобустың                                     12,00
тіркеменің                                     12,00
қосарланған автобустың                         18,00    
қосарланған көлік құралының                    20,00  
автопоездың                                    20,00
---------------------------------------------------------------------------
Ені:    
барлық көлік құралдарының                       2,55 
изотермиялық қораптардың                        2,60
---------------------------------------------------------------------------
Биіктігі                                        4,00
---------------------------------------------------------------------------
 
     Жүк көлік құралы көлемінің соңғы нұктесінен тысқары 2 метр аспауы 
керек.
     2. Көлік құралдарының ең үлкен салмағы, т           40,0
     3. Көлік құралдарының ең үлкен біліктік салмағы:
---------------------------------------------------------------------------
     Біліктердің тұрпаты                                 ! Біліктік     
                                                         ! салмақтың ең
                                                         ! үлкен қосындысы,
                                                         ! т
---------------------------------------------------------------------------
Біліктердің арасындағы қашықтық 2,5 м және одан артық          10,0
болған кездегі жалғыз білік                                 
Біліктердің арасындағы қашықтық 1,3 м бастап 1,8 м дейін       16,0
болған кездегі қосарланған біліктер
Біліктердің арасындағы қашықтық 1,3 м бастап 1,8 м дейін       22,5
болған кездегі үшеуі қосылған біліктер                     
---------------------------------------------------------------------------
     
     Бiлiктердің арасындағы қашықтық 1,3 метрден бастап 1,8 метрге дейін 
болған кезде, бiлiктердiң саны 3-тен астам тiркемелер мен жартылай 
тiркемелердiң сабақтас бiлiктерiнің бiлiктiк салмағы 7,5 тоннадан аспауы 
тиiс.
     Салмақтық жүктемелер көктемгi кезеңде, жол төсемiнің алып жүру 
қабілетi төмен учаскелерінде уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша 
азайтылуы мүмкiн.
    


     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.