"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы мен "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Жас өркен" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Жас өркен" ААҚ) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Жас өркен" ААҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" және "Дружные ребята" балалар мерзiмдi баспасөз басылымдарының мүлкiн "Жас өркен" ААҚ-ның жарғылық капиталына беру қарастырылсын;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-6-жолмен толықтырылсын:
"123-6 "Жас өркен" ААҚ";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1-жолмен толықтырылсын:
" 224-1 "Жас өркен" ААҚ".
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |