1. Мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Жас өркен" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Жас өркен" ААҚ) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Жас өркен" ААҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" және "Дружные ребята" балалар мерзiмдi баспасөз басылымдарының мүлкiн "Жас өркен" ААҚ-ның жарғылық капиталына беру қарастырылсын;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-6-жолмен толықтырылсын:
"123-6 "Жас өркен" ААҚ";
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 P990499_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрлерi 31, 35, 37, 38-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 45-1-жолмен толықтырылсын:
"45-1. "Жас өркен" ашық акционерлiк қоғамы";
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де
мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1-жолмен толықтырылсын: " 224-1 "Жас өркен" ААҚ". 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Рреспубликасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.