Елiмiздiң ұлттық байлығы болып табылатын өсiмдiктердiң тектiк қорын сақтау және байыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Алтай ботаникалық бағы", "Iле ботаникалық бағы", "Жезқазған ботаникалық бағы", "Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж, N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiндегi:
реттiк нөмiрлерi 470-91, 470-92, 470-93 және 470-94-жолдар алынып тасталсын;
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.