1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Алтай ботаникалық бағы", "Iле ботаникалық бағы", "Жезқазған ботаникалық бағы", "Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж, N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындар тiзбесiндегi: реттiк нөмiрлерi 470-91, 470-92, 470-93 және 470-94-жолдар алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiндегi: реттiк нөмiрлерi 23, 24, 25 және 26-жолдар алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.