Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 2 наурызындағы N 347 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 маусым N 853

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаруды, халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің кейбір мәселелері" жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 347 P000347_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи

ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары 
жөніндегі комитеті туралы ережеге:
     16-тармақта:
     екінші абзацтағы "қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын 
орынбасары" деген сөздер "қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын 
екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.