Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 мамыр N 807

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 P991781_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi 
мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша ел iшiндегi жоғары оқу орындарында 
кадрларды даярлау бағдарламаларының әкiмшiлерi болып белгiленсiн".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 
    Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Бағарова Ж.А.