Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 мамыр N 792

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымдарын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 P991334_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) атауындағы және мөтiнiндегi "және туризм" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ережеде:
      атауындағы және мәтiнiндегi "және туризм" деген сөздер алынып тасталсын;
      6-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Астана қаласы, Әуезов көшесi, 71"
      11-тармақта:
      14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) Қазақстан Республикасының акваторияларында қадағалауындағы шағын өлшемдi кемелердi, жағалаулық объектiлердi, кеме қатынасы су құрылыстарын, шағын өлшемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық куәландыруды жүргiзудi";
      15) Қазақстан Республикасының акваторияларында мемлекеттiк кемелердiң олардың тiзiлiмiн жiктеудi, тiркеудi жүргiзу және теңiз, аралас (өзен-теңiз), iшкi жүзудегi өздiгiнен жүзетін, өздiгiнен жүзбейтiн шағын өлшемдi кемелердiң (әскери теңiз жалауымен жүзетiн кемелердi қоспағанда) жүзуiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қадағалауды";
      21-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде темiржол көлiгiндегi (Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi құралдарымен) апаттарды, аварияларды және қақтығыстарды тергеуге, сондай-ақ темiр жол көлiгiндегi қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзудың алдын-алу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға қатысу";
      22) тармақшадағы "тәртiптерге" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақта:
      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) аттестаттау кезiнде шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына командалық құрамдағы адамдарға - дипломдар, қатардағы құрамдағы адамдарға куәлiктер беруге;
      14) қадағалауындағы кемелерге кемелiк құжаттар мен мемлекеттiк борттық нөмiрлер беруге, теңiз, аралас (өзен-теңiз), iшкі жүзудегi кемелердiң командалық құрамында дипломдардың, куәлiктердiң және оларға куәландырулардың болуын тексеруге";
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) жағдайы немесе ұсталуы Қазақстан Республикасында белгiленген талаптарға, оның iшiнде қоршаған ортаны қорғау нормаларының талаптарына жауап бермейтiн темiр жол көлiгi мен техникалық құралдардың пайдаланылуын тоқтату жөнiнде шаралар қабылдауға";

     мынадай мазмұндағы 17-1 тармақшамен толықтырылсын:
     "17-1) өз құзiретiнiң шегінде Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгi 
құралдарының тiзiлiмiн жүргiзуге";
     18-тармақта:
     2) тармақша "облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша 
аумақтық органдардың басшылары" деген сөздермен толықтырылсын;
     19-тармақтағы "салмақтық стационарлық бақылау постыларында" деген 
сөздер "көліктік постыларда" деген сөздермен ауыстырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                              2000 жылғы 25 мамырдағы
                                                  N 792 қаулысына
                                                      қосымша
     
                      Қазақстан Республикасының Көлiк және
           коммуникациялар министрiлiгі Көлiктiк бақылау комитетiнiң
                облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша
                 мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
                                    ТIЗБЕСI
     
     1. "Ақмола облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     2. "Ақтөбе облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     3. "Алматы облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     4. "Атырау облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" 
мемлекеттiк мекемесi
     6. "Жамбыл облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     7. "Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" 
мемлекеттiк мекемесi
     8. "Қарағанды облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     9. "Қызылорда облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     10. "Қостанай облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     11. "Маңғыстау облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" 
мемлекеттiк мекемесi
     12. "Павлодар облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     13. "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" 
мемлекеттiк мекемесi
     14. "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" 
мемлекеттiк мекемесi
     15. "Астана қаласы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi
     16. "Алматы қаласы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк 
мекемесi



    Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Бағарова Ж.А.