Қазақстан Республикасынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұйымы өкілдерінің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне Мәскеу қаласында өтетін әскери парадқа қатысуы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 сәуір N 630

Қолданыстағы

      "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудің бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 202 P000202_ қаулысын, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1999 жылғы 8 қазандағы Шешімін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұйымы өкілдерінің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне Мәскеу қаласында өтетін әскери парадқа қатысуы үшін, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 384 300 (үш жүз сексен төрт мың үш жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951         

              қаулысымен.


P001951_



     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.