Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 сәуір N 556

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 P971272_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы,

1997 ж., N 38, 365-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Мал
дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге:
     3-тармақтағы "немесе патентiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
     7-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiгi
комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен
ауыстырылсын;
     8-тармақтың төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтары алынып
тасталсын;
     13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
алымның мөлшерi, оны төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық
заңдарымен белгiленедi.".
     18-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
     20-тармақта "лицензиар" деген сөз алынып тасталсын;
     23-тармақта:
     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:


      "Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi";
      үшiншi абзац алынып тасталсын;
      "III бөлiм. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын талаптар" атауындағы "талаптар" деген сөз "бiлiктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар:
      Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
      мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл еңбек стажы болуы;
      мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi болуы;
      қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы;
      СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейiндегi технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы тиiс.
      Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
      арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша:
      жоғары бiлiмi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы

орта мал дәрiгерлiк бiлiмi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы 
болуы;
     қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы 
(сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын 
мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы;
     денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы;
     санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес 
органдарының қорытындысы болуы тиiс.
     25-тармақ алынып тасталсын.
     26-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiк 
комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 
жариялануға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
        
     Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.