Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі; <*>
      кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі; <*>
      кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
      кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
      еркін кеден аумағына орналастыруға тыйым салынған жекелеген  тауарлардың тізбесі;
      жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар немесе  материалдар ретінде пайдаланылатын жекелеген тауарлардың тізбесі  бекітілсін.
      Ескерту. 1-бап өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.11. N 232 қаулысымен.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
2000 жылғы 8 сәуірдегі           
N 538 қаулысымен              
бекітілген                  

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне
орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың
тізбесі <*>

      Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.11. N 232 қаулысымен.

Тауардың атауы                          СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

1. Түсті және қара металдар, қорытпалар,    7201-7206, 7218, 7224,7401-
түсті металдардың (қорғасын, мырыш және     7404 00, 7601, 760200, 7801,
мыс) концентраттары, қалдықтар және         780200000, 7901, 790200000,
сынықтар                                    8001, 800200000
2. Қант шикізаты                            1701
3. Қымбат бағалы металдар;                  2616, 2843, 7106-7112
қымбат бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар           7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін            261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған          280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың             282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары                    8101, 8112, 8103, 8105,
                                            810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы ядролық     2612, 2844, 2845, 380110000
емес материалдар, радиоактивті              -нан (тек ядролық-таза графит)
қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивті
сәулелену көздері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2000 жылғы 8 сәуірдегі         
N 538 қаулысымен            
бекітілген                

Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік
режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі
перациялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген  тауарлардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.11. N 232 қаулысымен.

Тауардың атауы                          СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

1. Шикі мұнай мен битуминозды               2709 00
минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері    
2. Түсті және қара металдар, қорытпалар,    7201-7206, 7218, 7224, 7401-
түсті металдардың (қорғасынның, мырыштың    7404 00, 7601, 760200, 7801,
және мыстың) концентраттары, қалдықтар      780200000, 7901, 790200000,
мен сынықтар                                8001, 800200000
3. Қымбат бағалы металдар;                  2616, 2843, 7106-7112
қымбат бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар           7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін            261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған          280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың             282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары                    8101, 8112, 8103, 8105,
                                            810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы ядролық     2612, 2844, 2845, 380110000
емес материалдар, радиоактивті              -нан (тек ядролық-таза графит)
қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивті
сәулелену көздері  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2000 жылғы 8 сәуірдегі         
N 538 қаулысымен            
бекітілген                

Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың
тізбесі

    Тауардың атауы             СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

1. Спирттің барлық түрлері        2207, 220890910, 220890990

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2000 жылғы 8 сәуірдегі         
N 538 қаулысымен            
бекітілген                

Кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың
тізбесі

  Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша    тауардың коды

1. Спирттің барлық түрлері      2207, 220890910, 220890990
2. Темекі шикізаты              2401

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2000 жылғы 8 сәуірдегі         
N 538 қаулысымен            
бекітілген                

Еркін кеден аумағының кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың
тізбесі

Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

      1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2000 жылғы 8 сәуірдегі         
N 538 қаулысымен            
бекітілген                 

Жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар немесе материалдар ретінде пайдаланылатын тауарлардың
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жарамсыз деп
танылған дәрілік құралдар мен тағам өнімдері.
     2. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген мемлекеттік  стандарттарға сәйкес келмейтін және оларды пайдалану кезінде адамға және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін бұйымдар.