Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір N 538

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі;
      кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі;
      кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым

салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
     кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға 
тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі;
     еркін кеден аумағына орналастыруға тыйым салынған жекелеген 
тауарлардың тізбесі;
     жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар немесе 
материалдар ретінде пайдаланылатын жекелеген тауарлардың тізбесі 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін күшіне 
енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                             2000 жылғы 8 сәуірдегі
                                                N 538 қаулысымен
                                                   бекітілген 
     
          Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне     
      орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың  
     нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен 
     міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және 
          сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесі
     
    Тауардың атауы                          СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
     
1. Түсті және қара металдар, қорытпалар,    7201-7206, 7218, 7224,7401-
түсті металдардың (қорғасын, мырыш және     7404 00, 7601, 760200, 7801,
мыс) концентраттары, қалдықтар және         780200000, 7901, 790200000,
сынықтар                                    8001, 800200000
2. Қант шикізаты                            1701
3. Қымбат бағалы металдар;                  2616, 2843, 7106-7112
қымбат бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар           7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін            261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған          280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың             282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары                    8101, 8112, 8103, 8105,
                                            810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы ядролық     2612, 2844, 2845, 380110000
емес материалдар, радиоактивті              -нан (тек ядролық-таза графит)
қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивті 
сәулелену көздері     
     
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                             2000 жылғы 8 сәуірдегі
                                                N 538 қаулысымен
                                                   бекітілген 
     
         Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік        
       режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі       
     операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің      
      шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының       
     Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген    
                         тауарлардың тізбесі
     
    Тауардың атауы                          СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
     
1. Шикі мұнай мен битуминозды               2709 00
минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері     
2. Түсті және қара металдар, қорытпалар,    7201-7206, 7218, 7224, 7401-
түсті металдардың (қорғасынның, мырыштың    7404 00, 7601, 760200, 7801,
және мыстың) концентраттары, қалдықтар      780200000, 7901, 790200000,
мен сынықтар                                8001, 800200000
3. Қымбат бағалы металдар;                  2616, 2843, 7106-7112
қымбат бағалы металдар жалатылған
металдар; қымбат бағалы металдардың
кендері және концентраттары
4. Асыл және жартылай асыл тастар           7101, 7102, 7103, 7105
5. Сирек, жерде сирек кездесетін            261100000, 2613-2615, 2804,
металдар, оларды өндіруге арналған          280540100, 282530000,
шикізаттар, қорытпалар, олардың             282619000, 284170000, 2846,
қалдықтары мен сынықтары                    8101, 8112, 8103, 8105,
                                            810600, 8108, 8109, 811300
6. Ядролық материалдар, арнаулы ядролық     2612, 2844, 2845, 380110000
емес материалдар, радиоактивті              -нан (тек ядролық-таза графит)
қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивті 
сәулелену көздері   
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                             2000 жылғы 8 сәуірдегі
                                                N 538 қаулысымен
                                                   бекітілген 
     
             Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне             
             орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі 
     
    Тауардың атауы                          СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
     
1. Спирттің барлық түрлері                  2207, 220890910, 220890990 
    


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысымен бекітілген


              Кедендік бақылаумен қайта өңдеудің кедендік режиміне
               орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі

     Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
2. Темекі шикізаты 2401
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысымен бекітілген


             Еркін кеден аумағының кедендік режиміне орналастыруға
                  тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесі

     Тауардың атауы СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
1. Спирттің барлық түрлері 2207, 220890910, 220890990
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысымен бекітілген


       Жоюдың кедендік режиміне орналастыруға жол берілетін, бұйымдар

      немесе материалдар ретінде пайдаланылатын тауарлардың тізбесі 
     
     1. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жарамсыз деп 
танылған дәрілік құралдар мен тағам өнімдері.
     2. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген мемлекеттік 
стандарттарға сәйкес келмейтін және оларды пайдалану кезінде адамға және 
қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін бұйымдар.         
     
     
     
      Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.