Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 наурыз N 462

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан 
Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының 
аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне 
арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137  

P000137_

  қаулысына мынадай өзгерістер 
енгізілсін:
     аталған қаулыға 1-қосымшада:
     1) "Тауар өндірушіде           физ. көлемі  30 теңге/   0,3 евро/
        көрсетілген өнімді өндіру                1 литр      1 литр
        құқығына Қазақстан 
        Республикасының
        лицензиясы болған
        жағдайда, ликер-арақ
        өнімдерін, күшейтілген 
        сусындарды, күшейтілген
        шырындарды, шарап,
        бальзам дайындау үшін
        босатылатын спирт,
        спирттің барлық
        түрлерінен
     
        Арақ, ликер-арақ,           физ. көлемі  100 теңге/   1,7 евро/
        күшейтілген сусындар,                    1 литр       1 литр
        күшейтілген шырындар
        және бальзамдар
        Коньяктар                   физ. көлемі  20 теңге/   1,7 евро/ 
                                                 1 литр       1 литр"
    
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Тауар өндірушіде аталған      физ. көлемі  30 теңге/   0,3 евро/
     қызмет түріне Қазақстан                     1 литр      1 литр
     Республикасының лицензиясы
     болған жағдайда алкогольді
     өнімдерді (сырадан басқа)  
     өндіру үшін босатылған
     спирт
     Алкогольді өнімдер             физ. көлемі  80 теңге/   1,7 евро/ 
     (арақтар мен ерекше                         1 литр      1 литр
     арақтардан; бальзамдардан;
     коньяктардан; ликер-арақ
     өнімдерінен, этиль спиртінің
     көлемдік үлесі 30 процентке
     дейін күшейтілген шырындар
     мен күшейтілген сусындардан басқа)
     
     Арақтар мен ерекше арақтар     физ. көлемі  100 теңге/  1,7 евро/ 
                                                 1 литр      1 литр
     
     Бальзамдар (сыйымдылығы 0,1    физ. көлемі  50 теңге/   1,7 евро/ 
     литрден кем тұтынушы ыдысына                1 литр      1 литр
     құйылған және Қазақстан 
     Республикасының заңдарына 
     сәйкес емдік құрал ретінде
     тіркелген бальзамдардан басқа) 
     
     Коньяктар                      физ. көлемі  20 теңге/   1,7 евро/
                                                 1 литр      1 литр
     
     Ликер-арақ өнімдері,          физ. көлемі   70 теңге/   1,7 евро/
     этиль спиртінің көлемдік                    1 литр      1 литр
     үлесі 12-ден 30 процентке
     дейінгі күшейтілген
     шырындар мен күшейтілген
     сусындар 
     
     Этиль спиртінің көлемдік      физ. көлемі   30 теңге/   0,4 евро/
     үлесі 1,5-нан 12 процентке                  1 литр      1 литр
     дейінгі әлсіз алкогольді
     күшейтілген сусындар, 
     күшейтілген шырындар                                           ";
     
     2) "2204-тен Шараптар           физ. көлемі   10 теңге/   0,4 евро/
                                                   1 литр      1 литр
     (2204 30-    Шампан шараптары   физ. көлемі   20 теңге/   0,4 евро/
     дан басқа                                     1 литр      1 литр
                  Шарап материалдары физ. көлемі   10 теңге/   0,4 евро/   
                                                   1 литр      1 литр
     2205,
     2206 00**                                                      "
     
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "2204,2205,  Шараптар және      физ. көлемі   10 теңге/   0,4евро/ 
     220600-ден"  шарап сусындары                  1 литр      1 литр
                  (шампан,
                  шымырламалардан,
                  көпіршіктілерден және
                  газдандырылғандардан
                  басқа)
     
                  Шампан шараптары,  физ. көлемі   20 теңге/   0,4 евро/   
                  шымырлама,                       1 литр      1 литр    
                  көпіршікті және
                  газдандырылған 
                  шараптар   
     
                  Өңделген шарап     физ. көлемі   10 теңге/   0,4 евро/   
                    материалы                       1 литр      1 литр   
     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.
     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
  
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.