Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы N 449 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі Мәдениет комитетiнiң қарауындағы мыналар қайта құру жолымен:
      қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер - республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары;
      "Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы" мемлекеттiк мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
      "Республика сарайы" мемлекеттiк мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Республика сарайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
      "Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
      "Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. "Ұлттық продюсерлiк орталығы", "Қазкинопрокат" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кинофильмдер қоры (Мемфильмқоры)" мекемелерi мен "Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынын қосу жолымен "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қызметтiң мынадай негiзгi нысандары:
      осы қаулының 1-тармағының екiншi, төртiншi және алтыншы абзацтарында көрсетiлген кәсiпорындардың концерттiк көрiнiстер, театрлық көрiнiстер және басқа да мәдени-бұқаралық шаралар салаларында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi iске асыратыны;
     осы қаулының 1-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның Қазақстан Республикасы мәдениет және сәулет ескерткiштерiн жөндеу, қалпына келтiру, консервациялау және қайта құру жұмыстарын орындайтыны;
      осы қаулының 1-тармағының бесiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның республиканың тарихи және этно-мәдени орталықтары жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзетiнi, тарихи және мәдени ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру, жаңғырту және консервациялау жөнiндегi ғылыми-жобалау құжаттамаларын әзiрлейтiнi;
      осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген, құрылатын кәсiпорынның ұлттық киноның жоғары сапалы көркем туындыларын шығаруды жүзеге асыратыны, мемлекеттiк фильмдер қорын жасайтыны және сақтайтыны, фильмдер прокатын ұйымдастыруды жүзеге асыратыны анықталсын.
      4. Осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi анықталсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 654 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi заңда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
      1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
      2) кәсіпорындардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
      7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы кинофильмдерiнiң мемлекеттiк қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 шiлдедегi N 909  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 261-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 51-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2000 жылғы 28 наурыздағы
N 449 қаулысына     
қосымша     

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрлігі Мәдениет комитетiнiң
республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып
қайта құрылатын мемлекеттiк мекемелерiнiң
Тізбесі

      1. "Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры" мемлекеттiк мекемесi - "Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры" қазыналық кәсiпорыны
      2. "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры" мемлекеттік мекемесi - "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры" қазыналық кәсiпорыны
      3. "М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" мемлекеттiк мекемесi - "М.Лермонтов атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театры" қазыналық кәсiпорыны
      4. "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" мемлекеттiк мекемесi "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" қазыналық кәсiпорыны
      5. "Н.Сац атындағы орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" мемлекеттiк мекемесi - "Н.Сац атындағы орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" қазыналық кәсiпорыны
      6. "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi" мемлекеттiк мекемесi - "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi" қазыналық кәсiпорыны
      7. "Республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры" қазыналық кәсiпорыны
      8. "Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры" қазыналық кәсiпорыны
      9. "Республикалық немiс драма театры" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық немiс драма театры" қазыналық кәсiпорыны
      10. "Мемлекеттiк қуыршақ театры" мемлекеттiк мекемесi - "Мемлекеттiк қуыршақ театры" қазыналық кәсiпорыны
      11. "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы" мемлекеттiк мекемесi - "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы" қазыналық кәсiпорыны
      12. "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерт бiрлестiгi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерт бiрлестiгi" қазыналық кәсiпорыны
      13. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттiк би ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттiк би ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
      14. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
      15. "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
      16. "Гүлдер ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Гүлдер ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
      17. "Қазақ мәдениетi мен өнер тану ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақ мәдениетi мен өнер тану ғылыми-зерттеу институты" қазыналық кәсiпорыны
      18. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық музейi" қазыналық кәсiпорыны
      19. "Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттiк коллекциясы" мемлекеттiк мекемесi - "Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттiк коллекциясы" қазыналық кәсiпорыны
      20. "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттiк өнер музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы мемлекеттiк өнер музейі" қазыналық кәсiпорыны
      21. "Алтын және бағалы металдар музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Алтын және бағалы металдар музейi" қазыналық кәсiпорыны
      22. "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар музейі" мемлекеттiк мекемесi - "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар музейi" қазыналық кәсiпорыны
      23. "Республикалық кiтап музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық кiтап музейi" қазыналық кәсiпорыны
      24. "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттiк әдеби-мемориалдық музей кешенi" мемлекеттiк мекемесi - "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттiк әдеби-мемориалдық музей кешенi" қазыналық кәсiпорыны
      25. "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалардың дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалардың дирекциясы" қазыналық кәсiпорыны
      26. "Көрмелер мен аукциондар дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi - "Көрмелер мен аукциондар дирекциясы" қазыналық кәсiпорыны
      27. "Ұлттық тарихи-мәдени "Ордабасы" қорығы мемлекеттiк мекемесi "Ұлттық тарихи-мәдени "Ордабасы" қорығы қазыналық кәсiпорыны болып қайта құрылсын.