Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі Мәдениет комитетiнiң қарауындағы мыналар қайта құру жолымен:
қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер - республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары;
"Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы" мемлекеттiк мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
"Республика сарайы" мемлекеттiк мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Республика сарайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
"Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
"Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын.
2. "Ұлттық продюсерлiк орталығы", "Қазкинопрокат" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кинофильмдер қоры (Мемфильмқоры)" мекемелерi мен "Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынын қосу жолымен "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қызметтiң мынадай негiзгi нысандары:
осы қаулының 1-тармағының екiншi, төртiншi және алтыншы абзацтарында көрсетiлген кәсiпорындардың концерттiк көрiнiстер, театрлық көрiнiстер және басқа да мәдени-бұқаралық шаралар салаларында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi iске асыратыны;
осы қаулының 1-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның Қазақстан Республикасы мәдениет және сәулет ескерткiштерiн жөндеу, қалпына келтiру, консервациялау және қайта құру жұмыстарын орындайтыны;
осы қаулының 1-тармағының бесiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның республиканың тарихи және этно-мәдени орталықтары жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзетiнi, тарихи және мәдени ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру, жаңғырту және консервациялау жөнiндегi ғылыми-жобалау құжаттамаларын әзiрлейтiнi;
осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген, құрылатын кәсiпорынның ұлттық киноның жоғары сапалы көркем туындыларын шығаруды жүзеге асыратыны, мемлекеттiк фильмдер қорын жасайтыны және сақтайтыны, фильмдер прокатын ұйымдастыруды жүзеге асыратыны анықталсын.
4. Осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi анықталсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 654
қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi заңда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) кәсіпорындардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N
790
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысына:
осы көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың Тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi" бөлiмiндегi 10, 11, 12, 13 және 14-реттiк нөмiрлерi алынып тасталсын;
510 "Таразы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны" деген жолдағы "510" саны "511" санымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 512; 512-1-512-31- жолдармен толықтырылсын:
"512 "Абай атындағы қазақ
мемлекеттiк академиялық опера
және балет театры" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-1 "М.Әуезов атындағы қазақ
мемлекеттік академиялық драма
театры" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-2 "М.Лермонтов атындағы
мемлекеттiк академиялық орыс
драма театры" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-3 "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ
мемлекеттiк академиялық балалар
мен жасөспiрiмдер театры"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-4 "Н.Сац атындағы орыс
мемлекеттік академиялық балалар
мен жасөспiрiмдер театры"
республикалық мемлекеттік Алматы қаласы
қазыналық кәсiпорыны
512-5 "Республикалық мемлекеттiк
ұйғыр музыкалық комедия театры"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-6 "Республикалық мемлекеттiк
корей музыкалық комедия театры"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-7 "Республикалық немiс драма
театры" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-8 "Мемлекеттiк қуыршақ
театры" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсіпорыны Алматы қаласы
512-9 "Жамбыл атындағы қазақ
мемлекеттiк филармониясы" респуб-
ликалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорыны Алматы қаласы
512-10 "Қазақконцерт" мемлекеттiк
гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгi"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-11 "Құрманғазы атындағы қазақ
мемлекеттiк академиялық халық
аспаптар оркестрi" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-12 "Қазақстан камератасы"
классикалық музыка ансамблі"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-13 "Қазақстан Республикасының
"Салтанат" мемлекеттiк би ансамблі"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-14 "Қазақстан Республикасының
академиялық классикалық би
ансамблi" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-15 "Гүлдер ансамблi"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-16 "Қазақ мәдениетi мен
өнертану ғылыми-зерттеу институты"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-17."Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк орталық музейi"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-18. "Бiрегей музыкалық шектi
аспаптар мемлекеттiк коллекциясы"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-19 "Қазақстан Республикасының
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік
өнер музейi" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-20 "Алтын және бағалы металдар
музейi" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы
512-21 "Ықылас атындағы республикалық
музыкалық халық аспаптары музейi"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорыны Алматы қаласы
512-22 "Республикалық кiтап музейi"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорыны Алматы қаласы
512-23 "Сәбит Мұқанов пен Ғабит
Мүсіреповтың мемлекеттiк әдеби-
мемориалдық музей кешенi"
республикалық мемлекеттік қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-24 "Республикалық және халық-
аралық мәдени бағдарламалар
дирекциясы республикалық мемле-
кеттiк қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-25 "Көрмелер мен аукциондар
дирекциясы" республикалық мемле-
кеттiк қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-26 "Шәкен Айманов атындағы
"Қазақфильм" ұлттық компаниясы"
республикалық мемлекеттiк қазына-
лық кәсiпорыны Алматы қаласы
512-27 "Ұлттық тарихи-мәдени Оңтүстік Қазақстан
"Ордабасы" қорығы" республикалық облысы, Ордабасы
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны ауданы
512-28 "Республика сарайы"
республикалық мемлекеттiк кәсiп-
орыны (шаруашылық жүргiзу құқығы бар) Алматы қаласы
512-29 "Қазақ мемлекеттiк циркi"
республикалық мемлекеттiк кәсiп-
орыны (шаруашылық жүргiзу
құқығы бар) Алматы қаласы
512-30 "Республикалық мемлекеттiк
құрылыс-жөндеу және жаңғырту
басқармасы" республикалық мемле-
кеттiк кәсiпорыны (шаруашылық
жүргізу құқығы бар) Алматы қаласы
512-31 "Материалдық мәдениет
ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және
жобалау институты" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорыны (шаруа-
шылық жүргiзу құқығы бар) Алматы қаласы
2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N
500
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат);
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң қарауына жататын ұйымдардың Тiзбесiндегi:
25, 27 және 28 тармақтар алынып тасталсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы".
7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы кинофильмдерiнiң мемлекеттiк қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 шiлдедегi N
909
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 261-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N
1031
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 51-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 28 наурыздағы
N 449 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрлігі Мәдениет комитетiнiң
республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып
қайта құрылатын мемлекеттiк мекемелерiнiң
Тізбесі
1. "Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры" мемлекеттiк мекемесi - "Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры" қазыналық кәсiпорыны
2. "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры" мемлекеттік мекемесi - "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры" қазыналық кәсiпорыны
3. "М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" мемлекеттiк мекемесi - "М.Лермонтов атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театры" қазыналық кәсiпорыны
4. "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" мемлекеттiк мекемесi "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" қазыналық кәсiпорыны
5. "Н.Сац атындағы орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" мемлекеттiк мекемесi - "Н.Сац атындағы орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" қазыналық кәсiпорыны
6. "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi" мемлекеттiк мекемесi - "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi" қазыналық кәсiпорыны
7. "Республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры" қазыналық кәсiпорыны
8. "Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры" қазыналық кәсiпорыны
9. "Республикалық немiс драма театры" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық немiс драма театры" қазыналық кәсiпорыны
10. "Мемлекеттiк қуыршақ театры" мемлекеттiк мекемесi - "Мемлекеттiк қуыршақ театры" қазыналық кәсiпорыны
11. "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы" мемлекеттiк мекемесi - "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы" қазыналық кәсiпорыны
12. "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерт бiрлестiгi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерт бiрлестiгi" қазыналық кәсiпорыны
13. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттiк би ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттiк би ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
14. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
15. "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
16. "Гүлдер ансамблi" мемлекеттiк мекемесi - "Гүлдер ансамблi" қазыналық кәсiпорыны
17. "Қазақ мәдениетi мен өнер тану ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақ мәдениетi мен өнер тану ғылыми-зерттеу институты" қазыналық кәсiпорыны
18. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық музейi" қазыналық кәсiпорыны
19. "Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттiк коллекциясы" мемлекеттiк мекемесi - "Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттiк коллекциясы" қазыналық кәсiпорыны
20. "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттiк өнер музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы мемлекеттiк өнер музейі" қазыналық кәсiпорыны
21. "Алтын және бағалы металдар музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Алтын және бағалы металдар музейi" қазыналық кәсiпорыны
22. "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар музейі" мемлекеттiк мекемесi - "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар музейi" қазыналық кәсiпорыны
23. "Республикалық кiтап музейi" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық кiтап музейi" қазыналық кәсiпорыны
24. "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттiк әдеби-мемориалдық музей кешенi" мемлекеттiк мекемесi - "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттiк әдеби-мемориалдық музей кешенi" қазыналық кәсiпорыны
25. "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалардың дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi - "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалардың дирекциясы" қазыналық кәсiпорыны
26. "Көрмелер мен аукциондар дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi - "Көрмелер мен аукциондар дирекциясы" қазыналық кәсiпорыны
27. "Ұлттық тарихи-мәдени "Ордабасы" қорығы мемлекеттiк мекемесi "Ұлттық тарихи-мәдени "Ордабасы" қорығы қазыналық кәсiпорыны болып қайта құрылсын.