Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 наурыз N 409

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 P992005_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "1. Шетелдiк ұйымдардың" деген сөздерден кейін ", оның iшiнде халықаралық ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы енгiзiлсiн;
      көрсетілген құрамнан Досаев Ерболат Асқарбекұлы шығарылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек

 

мәселелерi жөніндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережедегi:

     "Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмдегi "Шетелдiк ұйымдардың" деген

сөздерден кейiн ", оның iшiнде халықаралық ұйымдардың" деген сөздермен

толықтырылсын;

     4-бөлiм мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:

     "Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiн дайындау үшiн Жұмысшы

органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн

мерзiмде ұсынады".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.