Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 наурыз N 409. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 353 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 P992005_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1-тармақта:

      бiрiншi абзацтағы "1. Шетелдiк ұйымдардың" деген сөздерден кейін ", оның iшiнде халықаралық ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы енгiзiлсiн;

      көрсетілген құрамнан Досаев Ерболат Асқарбекұлы шығарылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек

      

      мәселелерi жөніндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережедегi:

      "Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмдегi "Шетелдiк ұйымдардың" деген

      сөздерден кейiн ", оның iшiнде халықаралық ұйымдардың" деген сөздермен

      толықтырылсын;

      4-бөлiм мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:

      "Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiн дайындау үшiн Жұмысшы

      органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн

      мерзiмде ұсынады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.