Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 9 наурыз N 368

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:
      1) <*>
      2) Қорғаныс министрлігінің 575 бірліктегі штат санының лимиті.
      3) Құпия.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.06. N  1816 , 2001.08.16. N  1074 , 2001.10.15. N  1330 ,   2002.03.19. N  332 , 2002.06.14. N  649 , 2002.06.17. N  659 , 2002.12.18. N  1320 , 2004.01.15.  N 39 , 2004.04.12. N  404 , 2004.07.12. N  754 , 2004.10.12. N  1045 , 2005.02.02.  N 84 , 2005.09.05. N  897 , 2005.11.14. N  1125  қаулысымен.       

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 ақпандағы N 127  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 6, 34-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы N 574  қаулысы .

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі