Қазақстан Республикасы жергiлiктi әскери басқару органдарының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 18 желтоқсан N 1320

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң мынадай мемлекеттiк мекемелерi қайта ұйымдастырылсын:
      1) бөлу жолымен:
      "Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әскери комиссариаты" "Ақмола облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Көкшетау қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне;
      "Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының әскери комиссариаты" "Қызылорда облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Қызылорда қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне;
      "Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әскери комиссариаты" "Маңғыстау облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Ақтау қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне;
      "Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты" "Алматы облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне және "Алматы қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесiне;
      2) бөлiп шығару жолымен:
      "Астана қаласының әскери комиссариатынан" "Астана қаласының Алматы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi және "Астана қаласының Сарыарқа аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi;
      "Cәтпаев қалалық әскери комиссариатынан" "Қарағанды облысының Ұлытау аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттiк мекемесi.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Көрсетiлген мемлекеттік мекемелердің қызметiн қаржыландыру 030 "Әскери комиссариаттардың аппараты" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтаждарына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      4. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды облыстарының, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылатын мемлекеттiк мекемелерiн ғимараттармен және жабдықтармен қамтамасыз eтсін.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі