Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 7 наурыздағы
N 364 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 902 P990902_ қаулысына:
1-тармақтағы "30 (отыз) млн.теңге" деген сөздер "10 (он) млн.теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1468 P991468_ қаулысына:
2-тармақтағы "101072000 (жүз бір миллион жетпіс екі мың) теңге" деген сөздер "90702000 (тоқсан миллион жеті жүз екі мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1589
қаулысына:
1-тармақтағы "140000000 (бір жүз қырық миллион) теңге" деген сөздер
"100000000 (бір жүз миллион) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27
желтоқсандағы N 1991
қаулысына:
1-тармақтың 2)-тармақшасы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 7 наурыздағы
N 364 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "White & Case" фирмасының қызмет көрсетулеріне ақы төлеу туралы"
;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы N 841
қаулысы.
2. "Республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1470
қаулысы.
3. "Алматы қаласындағы төтенше жағдайдың зардабын жою үшін қаражат
бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қазандағы
N 1576
қаулысы.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.