"White & Case" фирмасының қызмет көрсетулеріне ақы төлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 маусым N 841. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364 қаулысымен. ~P000364

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 қазандағы келісім-хатқа сәйкес "White & Case" заң фирмасының қызмет көрсетулеріне

;ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

 

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан

Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен "White & Case"

;заң фирмасының "Trans Соммоditiеs. Inс." компаниясымен дауда Қазақстан

Республикасының мүддесін қорғау жөніндегі қызметі үшін 190 373, 89 АҚШ

доллары сомасында ақы төлеуді жүргізсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Қасымбеков Б.