Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Өндірістік-пайдалану бірлестігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (одан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін;
2) Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық кәсіпорындардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 409-3-жолмен толықтырылсын:
"409-3 "Өндірістік-пайдалану бірлестігі"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны" Алматы қаласы";
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі