"Өндірістік-пайдалану бірлестігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 3 наурыз N 351

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U952335_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Өндірістік-пайдалану бірлестігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (одан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін;
      2) Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық кәсіпорындардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 409-3-жолмен толықтырылсын:
      "409-3 "Өндірістік-пайдалану бірлестігі"
             республикалық мемлекеттік кәсіпорны" Алматы қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 P990499_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың 
тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-1-жолмен толықтырылсын:
     "55-1. "Өндірістік-пайдалану бірлестігі".
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.