Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 2 наурыз N 347

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығы  мен "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен бұрынғы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мүлкiн 1999 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарауына берсiн.

      3. "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың Қызылорда бiрiккен дирекциясы" мемлекеттiк кәсiпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жатқызылсын және Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзiлсiн.
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi аталған кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Солтүстiк су құрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiн салу жөнiндегi аумақтық дирекция" мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

      5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы:
      1) республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымдарды сумен қамтамасыз ету коммуникациялар және олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң басқа да салаларында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
      2) табиғат қорғау саласында шаруашылық-өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      осы қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Су ресурстары комитетi" деген бөлiмi мынандай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi";
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 145-8, 145-9-жолдармен толықтырылсын:
     "145-8. "Арал" салынып жатқан
     кәсiпорындардың бiрiккен
     дирекциясы" республикалық
     мемлекеттiк кәсiпорны
     (шаруашылық жүргiзу құқығында)                  Қызылорда
                                                     қаласы

     145-9. "Солтүстiк су құрылысы"
     Қазақстанның солтүстiк және
     орталық облыстарында су
     шаруашылығы объектілерiн
     салу жөнiндегi аумақтық дирекция"
     республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     (шаруашылық жүргiзу құқығында)                   Көкшетау
                                                      қаласы";

      2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.06. N 1173 қаулысымен.

      7. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 мамырдағы N 536 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 180-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. N 40, 343-құжат) бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 24-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2000 жылғы 2 наурыздағы   
N 347 қаулысымен      
бекітілген          

     Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары
жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Су ресурстары жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi құзыретiнiң шегiнде су ресурстарын басқару саласында арнайы атқарушылық функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында аумақтық органдары - бассейндiк су шаруашылығы басқармалары бар.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.

      5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      475000 Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.25. N 793 қаулысымен.  

      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитеті" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заң актiлерімен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

          2. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi, функциялары
                    және құқықтары

      10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) су ресурстарын басқару мен қорғау саласында мемлекеттiк саясатты, су шаруашылығын дамытудың, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын, су көздерiнен суды арнайы пайдалануға рұқсаттың шарттарының орындалуын мемлекеттiк бақылау;
      3) халықтың және экономика салаларының қажетiн қамтамасыз ету үшiн суды пайдалануды реттеу, суды ластанудан, қоқыстанудан және тартылудан қорғау, өзендердiң, көлдердiң және су қоймаларының жәй-күйiн жақсарту;
      4) су ресурстарын пайдаланудың нормативтiк құқықтық актiлерiн және экономикалық тетiктерiн жетiлдiру болып табылады.
      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
      2) геология және қойнауды қорғау органдарымен келiсiм бойынша жер бетiндегi сулардан суды арнайы пайдалануға рұқсат бередi және жерасты су көздерiнен суды арнайы пайдалануға рұқсат берудi келiседi;
      3) ұйымдар мен объектiлердi салудың, қайта жаңартудың, ұйымдар мен ғимараттарды орналастырудың жобаларын келiсу кезiнде суды пайдаланудың барлық түрлерiне техникалық шарттар бередi;
      4) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардағы барлық су шаруашылығы объектiлерiнiң жұмыс режимiн реттейдi, олардың тiкелей су көздерiне орналасқан мемлекетаралық, облысаралық, салааралық мақсаттағы су қоймаларын, бөгеттерiн, су тораптарын, каналдар мен су арналарын және басқа да су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануын ұйымдастырады;
      5) жерасты суын қоса есептегенде қысқа мерзiмді және перспективалық су шаруашылығы баланстарын кешендi пайдалану схемаларын әзiрлейдi;
      6) геология мен жер қойнауын қорғау және гидрометеорология органдарымен бiрлесiп сулардың мемлекеттiк есебiн, су ресурстарының мониторингiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзедi;
      7) мемлекеттiк табиғат, балық қорларын қорғау санитарлық қадағалау органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдаланудың тәртiбiн келiседi;
      8) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жерүстi суларының су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң ставкаларын, оларды пайдаланудың шарттарын әзiрлейдi;
      9) мемлекеттiк органдармен су шаруашылығы, су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
      10) су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөніндегi жұмыстарға қатысады, су объектiлерi мен су ресурстарының жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстарының және құрылыс, арна түбiн тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргiзудiң жобаларын келiседi;
      11) шекарааралық сулар мен мемлекетаралық су ағысы арналарын бiрлесiп пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша iргелес мемлекеттердiң мемлекеттік су шаруашылығын басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      12) мемлекетаралық ынтымақтастықтың басымдықты бағыттарын жасауға қатысады, инвестицияларды су шаруашылығына тартуға және пайдалануға ықпал етедi;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      12. Комитеттiң негiзгі міндеттерiн iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) бұйрықтар шығаруға, аумақтық органдарға және құзiретiнiң шегiнде Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға нұсқаулар беруге және оның орындалуын тексеруге;
      2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
      3) министрлiктердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың су ресурстарын бөлудi, пайдалануды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерi және арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттары Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе, бұл құжаттардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
      4) су ресурстарының, объектiлерiнiң және суармалы жерлердiң жай-күйi, олардың пайдаланылуы мәселелерi жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдардан және өзге де заңды тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға және қажет болған жағдайда оларға осындай ақпаратты беруге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

                       3. Комитеттің мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

      14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      15. Комитеттің өзiне бекiтiлiп берілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                   4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 853 қаулысымен.

      17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке  жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функциясын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.

     18. Төраға осы мақсатта:
     1) өз орынбасарының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
     2) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
     3) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
     4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
     6) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

             5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

     19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2000 жылғы 2 наурыздағы   
N 347 қаулысымен      
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлiгінің Су ресурстары жөнiндегі
комитетi

           мемлекеттік мекемелерiнiң - аумақтық органдарының
тізбесі

     1. Арал-Сырдария бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қызылорда қаласы
     2. Балқаш-Алакөл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Алматы қаласы
     3. Ертiс бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Семей қаласы
     4. Есіл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Астана қаласы
     5. Нұра-Сарысу бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қарағанды қаласы
     6. Тобыл-Торғай бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қостанай қаласы
     7. Жайық-Каспий бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Атырау қаласы
     8. Шу-Талас бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы.