Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері<*> Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522 қаулысымен.~P010522

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 22 ақпан N 273

Қолданыстағы
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына Z952200_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Астықты меншігінде айрықша қызмет түрі ретінде астықты сақтау жүзеге асырылатын астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522
               қаулысымен. P010522_
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 P951127_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережеге қосымшадағы Азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтерді лицензиялау үшін лицензиялық алымның ставкалары деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) элеваторларда астықты және
      оны қайта өңдеу өнімдерін
      қабылдау, сақтау, ұқсату 10";

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесіндегі реттік нөмірі 26-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі:
      санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі деген І бөлім мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
      "23. Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату";
      Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын

жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі деген II бөлім мынадай мазмұндағы 
20-тармақпен толықтырылсын:
     "20. Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін  қабылдау, 
сақтау, ұқсату".
     3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда 
белгіленген тәртіппен Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау 
жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережесін әзірлесін және бекітсін.
<*>

     Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522  
              қаулысымен. 

P010522_

  
     4. Осы  қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                                 2000 жылғы 22 ақпандағы
                                                 N 273 қаулысымен
                                                      бекітілген
     
     
           Астықты сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
      заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қойылатын          
                         біліктілік талаптары
<*>

     
     Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522  
              қаулысымен. 

P010522_

 
     
     


       Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) өткізу режимінің, салмақ өлшеу жабдықтарының, астық сақтауға арналған ыдыстардың болуы; <*>
      Ескерту. 1-тармақша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522
               қаулысымен. P010522_
      2) көтеру-тасымалдау жабдықтары бар ақаусыз жүк түсіруші құрылғылардың, ауа тазартқыш пен желдеткіш жүйелерінің болуы;
      3) ақаусыз астық тазартқыш машиналар мен астық кептіргіштердің (егер технологиялық схемада көзделсе) болуы;
      4) астықты сақтау кезінде технологиялық процестердің сақталуын

қамтамасыз ететін ақаусыз технологиялық жабдықтардың болуы;
<*>

     Ескерту. 4-тармақша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522  
              қаулысымен. 

P010522_

 
     5) ақаусыз өндірістік-технологиялық лабораторияның болуы 
(лабораториялық жабдықтардың, аспаптардың дайындығы мен болуы);
     6) санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының лицензиялық 
қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы қорытындысының болуы;
     7) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың бар екендігі болып 
табылады.
     
     Оқығандар:
     Орынбекова Д.
     Қобдалиева Н.