Алуан түрлі және көп функциональды білім ұйымдарын тиімді дамыту, білім мен ғылымды интеграциялаудың базасында жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) қосу жолымен:
"Нарықтық қатынастар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
"Оқу-ғылыми физикалық-технологиялық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
"Аймақтық экономика проблемалары ғылыми-зертеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
"Мемлекеттік қаржы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
"Қостанай ауыл шаруашылығы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
"Мектеп жиһаздарын жасау және жөндеу жөніндегі республикалық бірлестік" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Қазақбілімжабдықтау ҚБЖ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
2) біріктіру жолымен:
"Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институты", "Батыс Қазақстан аграрлық университеті", "А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын);
"Қазақ мемлекеттік көркем-сурет академиясы" және "Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын);
"Қазақ мемлекеттік заң университеті" және "Мемлекет және құқық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:
1) қоғамның жоғары білімді мамандарға сұранысын қанағаттандыру;
2) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірлері 9-50, 9-64-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірлері 470-66, 470-87, 470-88, 470-107, 470-111, 470-112, 470-113, 470-117, 470-118, 470-122, 470-130-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 470-137, 470-138, 470-139-жолдармен толықтырылсын:
"470-137 Батыс Қазақстан мемлекеттік Батыс Қазақстан облысы,
университеті" қазыналық кәсіпорны Орал қаласы
470-138 "Қазақ мемлекеттік заң Алматы облысы, Алматы
академиясы" қазыналық кәсіпорны қаласы
470-139"Т. Жүргенов атындағы Алматы облысы, Алматы
Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" қаласы";
қазыналық кәсіпорны
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.