Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 ақпан N 236

Қолданыстағы
      Алуан түрлі және көп функциональды білім ұйымдарын тиімді дамыту, білім мен ғылымды интеграциялаудың базасында жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) қосу жолымен:
      "Нарықтық қатынастар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
      "Оқу-ғылыми физикалық-технологиялық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
      "Аймақтық экономика проблемалары ғылыми-зертеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
      "Мемлекеттік қаржы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
      "Қостанай ауыл шаруашылығы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
      "Мектеп жиһаздарын жасау және жөндеу жөніндегі республикалық бірлестік" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Қазақбілімжабдықтау ҚБЖ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
      2) біріктіру жолымен:
      "Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институты", "Батыс Қазақстан аграрлық университеті", "А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын);
      "Қазақ мемлекеттік көркем-сурет академиясы" және "Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын);
      "Қазақ мемлекеттік заң университеті" және "Мемлекет және құқық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:
      1) қоғамның жоғары білімді мамандарға сұранысын қанағаттандыру;
      2) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде:
     "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт 
министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірлері 9-50, 9-64-жолдар алынып 
тасталсын;
     "Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі" бөліміндегі 
реттік нөмірлері 470-66, 470-87, 470-88, 470-107, 470-111, 470-112, 
470-113, 470-117, 470-118, 470-122, 470-130-жолдар алынып тасталсын;
     "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 470-137, 470-138, 470-139-жолдармен  
толықтырылсын:
"470-137 Батыс Қазақстан мемлекеттік    Батыс Қазақстан облысы,
университеті" қазыналық кәсіпорны       Орал қаласы
470-138 "Қазақ мемлекеттік заң          Алматы облысы, Алматы
академиясы" қазыналық кәсіпорны         қаласы
470-139"Т. Жүргенов атындағы            Алматы облысы, Алматы
Қазақ мемлекеттік өнер академиясы"      қаласы";
қазыналық кәсіпорны
     
     2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 
қарашадағы N 1754  

P971754_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1999 ж., N 51, 504-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
     реттік нөмірлері 17, 36, 57, 58, 157, 179, 183, 184, 185, 189, 193, 
194, 203-жолдар алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 157-3, 157-4, 157-5-жолдармен 
толықтырылсын:
     "157-3 Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
     157-4 Қазақ мемлекеттік заң академиясы;
     157-5 Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы";
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.