Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпан N 230 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408  P991408_  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібінде: 
      2-тармақта: 
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: 
      "4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар"; 
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын; 
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: 
      "4) бөлінетін несиенің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимиттерінің сомасынан аспауы тиіс"; 
      мынадай мазмұндағы 5-1-бөліммен толықтырылсын: 
      "5-1. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу 
      17-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті негіздемелері мен есептері бар қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады. 
      17-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынылған өтініштің негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді. 
      Қаражатты қаржы жылының ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға ұтымды бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-інен аспауы тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдері есепке алынады. 
      17-4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аталған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дайындайды. 
      17-5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі дайындайды.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі