Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қаңтар N 121

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 P991274_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 395-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақта:

     бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген 
тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, 
нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты 
болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын";
     2) 2-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
        Премьер-Министрі
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.