Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат)
мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы Қазақстан Эксимбанкi" Директорлар
кеңесi жабық акционерлiк қоғамының құрамы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Өтембаев Ержан Қазақстан Республикасы Премьер-
Әбілхайырұлы Министрiнiң орынбасары, төраға
Аханов Серiк Қазақстан Республикасының
Ахметжанұлы Экономика бiрiншi вице-министрi
Әбілғазин Данияр Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстемұлы вице-министрi - Қаржы министрлiгі
Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетiнiң төрағасы
Досаев Ерболат Қазақстан Республикасының
Асқарбекұлы Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрi
Нәлiбаев Әбдiқалық Қазақстан Республикасының Ұлттық
3әкiрұлы Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бектасов Әбен Қазақстан Республикасының
Ағыбайұлы Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi
Ізтілеуов Бейсенбай "Қазақстан Эксимбанкі" жабық
Ізтілеуұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.