Тауарлардың рұқсат етiлмеген қайта экспортталуының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Тауарларды қайта экспорттаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегі N 1003 P951003_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 25, 291-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) кiрiспеде:
"келiсiмге" деген сөзден кейiн ("бұдан әрi - Келiсiм") деген сөздермен толықтырылсын.
"Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақта:
"Өнеркәсiп" деген сөз "Энергетика, индустрия" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеден" деген сөздiң алдынан "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі бiр ай мерзiмде Келiсiмге қатысушылармен тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсат болған кезiнде қайта экспорттау жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмдерiн, сондай-ақ тауарлардың шыққан елдерiнiң уәкiлеттi ведомстволары рұқсаттарының, лауазымды тұлғалары қолдарының және мөрлерiнiң үлгiлерiн алмассын."
4) көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Өнеркәсiп және сауда министрлiгі", "Өнеркәсiп және сауда министрлiгінiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi", "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
1.3-тармақтың бесiншi абзацындағы "ТМД елдерiне Қазақстан Республикасындағы ең төменгi еңбекақы мөлшерiнiң он есесi, алыстағы шет елдерге - он үш есебi көлемiнде алым" деген сөздер "ақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1.6-тармақтың үшiншi абзацындағы "алым" деген сөз "ақы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1.7-тармақтың төртiншi абзацындағы "мемлекеттiк" деген сөз "республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2.1.-1-тармақпен толықтырылсын:
"2.1.-1. Тауарлардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк аумағынан Кеден одағының қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттiң кедендiк аумағына Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы қайта экспорты тауардың шыққан елiнiң уәкiлеттi ведомствосы берген, тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсаты болған кезiнде жүзеге асырылады."
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгі
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен
бiрлесiп уәкiлеттi органның тауарлардың Қазақстан Республикасының
аумағынан қайта экспортына рұқсатты ресiмдегенi және бергенi үшiн
негiзделген ақыны бекiтсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және
жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.