Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 қаңтар N 80

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлем туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемді жүзеге асырудың тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемді жүзеге асырудың тәртібіне сәйкес бір жолғы төлемді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қаңтардағы N 80 қаулысымен бекітілген Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемді жүзеге асырудың тәртібі
      1. Осы Тәртіп "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына сәйкес қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемді жүзеге асырудың тетігін айқындайды.
      2. Бір жолғы төлем қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің 1945 жылғы 3 қыркүйектен 1993 жылғы 20 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау туралы заңдарда белгіленген сақтандыру сомаларын алмаған және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 3636 Жарлығына сәйкес бір жолғы төлем алуға құжаттарын уақытында ресімдей алмаған ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына беріледі.
      Жоғарыда көрсетілген төлемдер:
      шақыру бойынша әскери қызмет атқару кезеңінде қаза тапқан немесе әскери қызметін атқару кезінде алынған жарақаттың, контузияның, зақымның, науқастың зардабынан әскери қызметтен босағаннан кейін қайтыс болған (құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайларды қоспағанда) әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына 87750 теңге мөлшерінде;
      әскери іс-қимылдар кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған (құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайларды қоспағанда) әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына 117000 теңге мөлшерінде жүргізіледі.
      3. Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің бір жолғы төлемді алуға құқығы бар ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне мына құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (1-қосымша);
      2) шешім, анықтама, хабарлама немесе әскери қызметшінің қайтыс болғандығын, қаза тапқандығын (оның ішінде өзін өзі өлтіргендігін) растайтын құжат. Қайсыбір құжат болмаған жағдайда әскери қызметшінің қаза тапқандығын, қайтыс болғандығын тану туралы соттың шешімі қажет;
      3) қаза тапқан, қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжат;
      4) бір жолғы төлемді алуға құқығы бар азаматтың төлқұжаты немесе жеке куәлігі.
      4. Аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес бір жолғы төлемді алуға ұсынылған құжаттарды арнайы журналда тіркейді, белгіленген нысандарға (2 және 3-қосымшалар) сәйкес азаматтардың тізімін жасайды және облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттеріне (басқармаларына) береді.
      5. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) 2 және 3-қосымшаларға сәйкес дайындалған ұсынылған тізімдердің негізінде бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру жөніндегі банктік қызмет көрсетулерге арналған шығындарды төлеуге қажетті қаржыны анықтайды және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдайды.
      6. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттерінің (басқармалары) өтінім жасалған қажеттердің негізінде Қаржы министрлігіне бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға өтінім ұсынады.
      7. Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерге қаражат, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру жөніндегі банктік қызмет көрсетулерге арналған шығындарды өтеуге қаражат бөлуді жүзеге асырады.
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаржыны олар ұсынған қажеттіктердің негізінде облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттеріне (басқармаларына) аударады.
      8. Облыстық (Астана, Алматы қалаларының) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарында қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлем бойынша шығындарды қаржыландыру үшін N 120 "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары" бюджеттік шотын ашады.
      9. Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары бір жолғы төлемді алу үшін облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттеріне (басқармаларына) қаражатты өздері таңдап алған банктегі жеке шоттарына (деректемелерін көрсету арқылы) аудару туралы өтініш ұсынады.
      10. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бір жолғы төлемді қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының көрсетілген жеке шотына аударады және банктің төлемді ұйымдастыруға арналған қызмет көрсетулеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
      11. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемге бағытталған қаражаттың төленгені туралы 4-қосымшаға сәйкес есеп ұсынады.
1-қосымша
 
 
________________ қаласының
аудандық (қалалық) халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы __________________ мырзаға (аты-жөні) __________________________ мекен-жайда тұратын __________________________ (аты-жөні)
 
 
           Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлем туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына сәйкес бір жолғы төлемге ӨТІНІШ __________________________________________________________________ (уақиға сипаттамасы мен тиесілі соманың мөлшері көрсетіледі) байланысты бір жолғы төлемді жүзеге асыруды сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ Өтініш иесінің қолы " __ " ______________ 2000 жыл 2-қосымша Шақыру бойынша әскери қызмет атқару кезеңінде немесе 1945 жылғы 3 қыркүйектен 1993 жылғы 20 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметін атқару кезінде алған жараланудың, контузияның, зақымның, науқастың салдарынан босағаннан кейін қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің бір жолғы төлем алатын ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының, тізімі ______________________________________________________________________ | N | Аты-жөні |Төлқұжат. |Мекен- |Бір жолғы |Ескертпе| |р/с| |тың немесе| жайы |төлемнің | | | | |жеке басын| |сомасы, | | | | |куәланды. | |теңгемен | | | | |ратын құ. | | | | | | |жаттың | | | | | | |деректері | | | | |___|___________________________|__________|_______|__________|________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |___|___________________________|__________|_______|__________|________| | | | | | | | |___|___________________________|__________|_______|__________|________| Аудандық (қалалық) халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (мөрі, қолы) " __ " ___________ 2000 ж. Ескертпе. Тізім үш данада жасалады. 3-қосымша 1945 жылғы 3 қыркүйегінен 1993 жылғы 20 қаңтарына дейін әскери іс-қимылдар кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің бір жолғы төлем алатын ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының, тізімі ______________________________________________________________________ | N | Аты-жөні |Төлқұжат. |Мекен- |Бір жолғы |Ескертпе| |р/с| |тың немесе| жайы |төлемнің | | | | |жеке басын| |сомасы, | | | | |куәланды. | |теңгемен | | | | |ратын құ. | | | | | | |жаттың | | | | | | |деректері | | | | |___|___________________________|__________|_______|__________|________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |___|___________________________|__________|_______|__________|________| | | | | | | | |___|___________________________|__________|_______|__________|________| Аудандық (қалалық) халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (мөрі, қолы) " __ " ___________ 2000 ж. Ескертпе. Тізім үш данада жасалады. 4-қосымша Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдары тоқсан сайын және жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынады. Қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемге бағытталған қаражатты төлеу туралы ЕСЕП _____________________ облысы бойынша 2000 жылғы ______________ жағдай бойынша _____________________________________________________________________ | Көрсеткіштер | Бірл. өлш | Жиыны | |_________________________________________________|___________|_______| | 1 | 2 | 3 | |_________________________________________________|___________|_______| |1. Бір жолғы төлемдерге алынған қаржы | тенге | | |_________________________________________________|___________|_______| |4. Бір жолғы төлемдер алуға өтініш берген | адам | | |азаматтардың саны | | | |_________________________________________________|___________|_______| |5. Жеке шотына бір жолғы төлем есептелген | адам | | |азаматтардың саны | | | |_________________________________________________|___________|_______| |Оның ішінде: | | | |_________________________________________________|___________|_______| |- шақыру бойынша әскери қызметін атқару кезеңінде| адам | | |немесе босағаннан кейін әскери қызмет атқару | | | |кезінде алынған жараланудың, контузияның, | | | |зақымның, науқастың салдарынан (құқыққа қарсы | | | |әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайларды | | | |қоспағанда) қаза тапқан, қайтыс болған әскери | | | |қызметшілердің ата-аналары, асырап алушылары, | | | |қамқоршылары | | | |_________________________________________________|___________|_______| |әскери іс-қимылдар кезеңінде қаза тапқан, қайтыс | адам | | |болғандар (құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан | | | |қайтыс болған жағдайларды қоспағанда) | | | |_________________________________________________|___________|_______| |2. Азаматтардың жеке есеп шоттарына нақты | теңге | | |аударылған бір жолғы төлем | | | |_________________________________________________|___________|_______| |3. Тиісті кезеңнің аяғындағы бюджеттік шоттағы | теңге | | |қаражаттың қалдығы | | | |_________________________________________________|___________|_______| Бірінші басшы ________________ Аты-жөні (қолы) Бас бухгалтер ________________ Аты-жөні (қолы) " __ " __________ 2000 ж. М.О. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.