шілдедегі Қазақстан Республикасының Z952368_ Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар бекітілсін: Кеден қоймасы кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі; Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі; Бажсыз сауда дүкені кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекітілген Кеден қоймасы кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі 1. Әскери үлгідегі алуан түрдегі қару, оларға оқ-дәрілер, әскери жарақтар және жарылғыш заттар. 2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды жасауға арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар.
3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты бұзуға бағытталған, соғысты, терроршылдықты, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.
4. Өнер туындылары, көне заттар және маңызды көркемдік, тарихи, ғылым
немесе мәдени құндылығы бар өзге де заттар. 5. Киіктің, маралдың, теңбіл бұғының және изюбрдің мүйіздері, сондай-ақ теңбіл бұғының терісі. 6. Күші жойылған құнды қағаздар. 7. Қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің және ұшу аппараттарының нысандарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар. 8. Есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды қолдануға арналған аспаптар. 9. Күшті әсер ететін улар. 10. Радиоактивті материалдар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекітілген Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі 1. Қару-жарақ, оларға оқ-дәрілер, әскери техника, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар және оларға аспаптар.
2. Әскерилендірілген ұйымдардың жеке құрамының арнайы жарақтары және оларды жасау мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық өнім.
3. Жарылғыш заттар, жару құралдары.
4. Зымырандық-ғарыштық кешендер, байланыс және әскери мақсаттағы
басқару жүйелері мен оларды жасауға және пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама. 5. Зымыран отынының барлық түрі, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен арнайы жабдық. 6. Ұрыста қолданылатын уландырғыш заттар, олардан қорғану құралдары және оларды жасау мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама. 7. Уран, басқа да бөлінетін материалдар және олардан жасалған бұйымдар. 8. Қару-жарақ пен әскери техниканы жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ іргелі іздестіру зерттеулерінің нәтижелері. 9. Шифрлау техникасы және оны жасауға және пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама. 10. Есірткі құралдары, психотроптық, күшті әсер ететін улы заттар. 11. Радиоактивті материалдардың қалдықтары. 12. Жарылғыш заттардың қалдықтары. 13. Өнеркәсіптік қалдықтар. 14. Энергияның электр, жылу және өзге де түрлері. 15. Тұтыну мерзімі өткен тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін тауарлар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекітілген Бажсыз сауда дүкені кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі 1. Әскери үлгілердің алуан түріндегі қару, оларға оқ-дәрілер, әскери жарақтар, есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды қолдануға арналған аспаптар. 2. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты бұзуға бағытталған, соғысты, терроршылдықты, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар. 3. Өндірістік және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар. 4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг астам) және көлемді тауарлар (ұзындығы, ені және биіктігі бойынша мөлшерлерінің 200 см астам жиынтығы жағдайында). Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.