Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 қаңтар N 63

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауларды ынталандыру, тауарлар мен көлік құралдарын контрабандалық өткізуді төмендету, сондай-ақ кедендік тәртіптердің бұзылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479  

P951479_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 441-құжат) мынадай өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     
     "Бұл үшін белгіленген жерден және         екі есе көлемде
     кеден органдарының жұмыс уақытынан        алынады
     тыс тауарлар мен көлік құралдарының
     кедендік ресімделгені үшін кеден алымы
     
     деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     
     "Тауарлар мен көлік құралдарын ол
     үшін белгіленген жерден тыс және 
     кеден органдарының жұмыс уақытынан           0,4%";
     тыс кедендік ресімдеу үшін кеден 
     алымдары
     
     мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     
     "Көрмелерде, жәрмеңкелерде, байқау-
     ларда, съездерде, симпозиумдарда,
     семинарларда, халықаралық кездесу-           тауардың партиясы үшін
     лерде және басқа да осындай                  5 ЕВРО";
     іс-шараларда (әкелінген (әкетілген)
     тауарларды сату мақсатында жүргізілетін
     өндірістік және өзге де коммерциялық
     қызметті жүзеге асыру орындарындағы
     көрмелерді қоспағанда)
     көрсетуге арналған тауарларды, сондай-ақ
     тауарларды көрсету кезінде не 
     халықаралық кездесулердің, конференция.
     лардың және конгрестердің барысында
     пайдалану үшін арналған көмекші
     жабдықтар мен материалдарды
     кедендік ресімдеуге арналған кеден
     алымы".
     
     "Кеден басқармасының (кеденнің)
     қызметі аймағындағы шегінде кедендік         100 ЭКЮ"
     еріп жүргені үшін кеден алымы
     
     деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     
     "Тауарларды кедендік еріп жүруге          50 км дейін
     арналған кеден алымдары                   қашықтыққа 5 есептік
                                               көрсеткіш


                                               509-ден 200 км дейін

қашықтыққа 10 есептік көрсеткіш

                                               200-ден 400 км дейін

қашықтыққа 15 есептік көрсеткіш

                                               400-ден 600 км дейін

қашықтыққа 20 есептік көрсеткіш

                                               600-ден 800 км дейін

қашықтыққа 25 есептік көрсеткіш

                                               800-ден 1000 км дейін

қашықтыққа 30 есептік көрсеткіш

                                               1000-нан 1500 км дейін

қашықтыққа 35 есептік көрсеткіш

                                               1500-ден 2000 км дейін

қашықтыққа 40 есептік көрсеткіш

                                               2000-ден жоғары

қашықтыққа 50 есептік көрсеткіш";


     "Кеден басқармасының (кеденнің)           200 ЭКЮ"
     қызметті аймағының шегінен тыс 
     
     деген жол алынып тасталсын.
     
     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп тауарларды кедендік еріп 
жүрудің тәртібін әзірлесін және бекітсін.
     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күн өткеннен кейін 
күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.