"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауларды ынталандыру, тауарлар мен көлік құралдарын контрабандалық өткізуді төмендету, сондай-ақ кедендік тәртіптердің бұзылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479
P951479_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 441-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Бұл үшін белгіленген жерден және екі есе көлемде
кеден органдарының жұмыс уақытынан алынады
тыс тауарлар мен көлік құралдарының
кедендік ресімделгені үшін кеден алымы
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарлар мен көлік құралдарын ол
үшін белгіленген жерден тыс және
кеден органдарының жұмыс уақытынан 0,4%";
тыс кедендік ресімдеу үшін кеден
алымдары
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Көрмелерде, жәрмеңкелерде, байқау-
ларда, съездерде, симпозиумдарда,
семинарларда, халықаралық кездесу- тауардың партиясы үшін
лерде және басқа да осындай 5 ЕВРО";
іс-шараларда (әкелінген (әкетілген)
тауарларды сату мақсатында жүргізілетін
өндірістік және өзге де коммерциялық
қызметті жүзеге асыру орындарындағы
көрмелерді қоспағанда)
көрсетуге арналған тауарларды, сондай-ақ
тауарларды көрсету кезінде не
халықаралық кездесулердің, конференция.
лардың және конгрестердің барысында
пайдалану үшін арналған көмекші
жабдықтар мен материалдарды
кедендік ресімдеуге арналған кеден
алымы".
"Кеден басқармасының (кеденнің)
қызметі аймағындағы шегінде кедендік 100 ЭКЮ"
еріп жүргені үшін кеден алымы
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды кедендік еріп жүруге 50 км дейін
арналған кеден алымдары қашықтыққа 5 есептік
көрсеткіш
509-ден 200 км дейін
қашықтыққа 10 есептік
көрсеткіш
200-ден 400 км дейін
қашықтыққа 15 есептік
көрсеткіш
400-ден 600 км дейін
қашықтыққа 20 есептік
көрсеткіш
600-ден 800 км дейін
қашықтыққа 25 есептік
көрсеткіш
800-ден 1000 км дейін
қашықтыққа 30 есептік
көрсеткіш
1000-нан 1500 км дейін қашықтыққа 35 есептік
көрсеткіш
1500-ден 2000 км дейін
қашықтыққа 40 есептік
көрсеткіш
2000-ден жоғары
қашықтыққа 50 есептік
көрсеткіш";
"Кеден басқармасының (кеденнің) 200 ЭКЮ"
қызметті аймағының шегінен тыс
деген жол алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп тауарларды кедендік еріп жүрудің тәртібін әзірлесін және бекітсін.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі