Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 қаңтар N 27

Қолданыстағы
      Екі қазақстандық ғарышкерді жоспарлы дайындауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      2. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды Ресей тарапымен келiсу бойынша Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттiк ғылыми-зерттеу орталығына дайындықтан өтуге жiберу үшiн оларды iрiктеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.07.23. N 816
               қаулысымен. P020816_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ғарышкерлікке кандидаттарды

алдын ала іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін 4 000 000 (төрт 
миллион) теңге бөлсін.
<*>

     Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. N 991
              қаулысымен. 

P010991_

 
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2000 жылғы 7 қаңтардағы
                                             N 27 қаулысына қосымша
     
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының
             ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі
                       ведомствоаралық комиссияның
                                  Құрамы 
     
     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.23. N 816 
              қаулысымен.  

P020816_

  
     
     Школьник               - Қазақстан Республикасының Энергетика,
     Владимир Сергеевич       индустрия және сауда министрі, төраға
     
     Сапаров                 - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
     Мәлiк Мұхамеджанұлы       Бас штабының бастығы - Қазақстан 
                               Республикасы Қорғаныс министрiнiң бiрiншi
                               орынбасары, төрағаның орынбасары 
     
     Смирнов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
     Анатолий Владимирович    вице-министрі, төрағаның орынбасары
     
     Қосынов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика
     Алмас Олжабайұлы          және минералдық ресурстар министрлiгi
                               Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы 
     
                   Комиссия мүшелері:
     
     Әубәкiров              - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
     Тоқтар Оңғарбайұлы        ғарышкерi (келiсiм бойынша) 
     
     Мұсабев                - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
     Талғат Амангелдіұлы      ғарышкері (келісім бойынша)
          
     Қожақов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
     Асан Егімбайұлы          министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер 
                              Достастығы істері жөніндегі комитетінің
                              төрағасы 
          
     Нұрмұхамедов           - Қазақстан Республикасының Ұлттық
     Игорь Хабирович          қауіпсіздік комитеті департаментінің
                              бастығы 
                              (келісім бойынша)
               
     Глазков                - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей Ғарышкерлер
     Юрий Николаевич          даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу
                              сынақ орталығы бастығының орынбасары
                              (келісім бойынша)
     
     Моргун                 - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей Ғарышкерлер
     Валерий Васильевич       даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу
                              сынақ орталығының бас дәрігері
                              (келісім бойынша)
     
     Воронков                - Мемлекеттік ғылыми орталығы Медициналық
     Юрий Иванович             биологиялық проблемалар институтының бөлім
                               меңгерушісі (келісім бойынша) 
     
     
               
     Сұлтанғазин             - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
     Өмiрзақ Махмұдұлы         ғылым министрлiгi Ғарыштық зерттеулер
                               институтының директоры 
     
     Коржова                 - Қазақстан Республикасының Қаржы 
     Наталья Артемовна         вице-министрi 
  
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.