Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі N 816 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мына мемлекеттiк мекемелері құрылсын:
      1) "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы";
      2) "Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi".

      2. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң Ережелерiн бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі