1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы
ереже
;
2) Дипломаттық паспорт берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының
тізбесі
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 27 қазандағы N 1066
қаулысының
күшін жоюды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 20 шілдедегі
N 59 өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты (бұдан әрі дипломаттық паспорт) Қазақстан азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрған кездерде және Қазақстан Республикасына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
2. Дипломаттық паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
3.
Дипломаттық паспорт
тиісінше ресімделген жағдайда Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып табылады.
4. Дипломаттық паспортты Қазақстан Республикасының осындай паспорт берілетін лауазымды адамдарының
тізбесіне
сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі береді.
Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша ерекше жағдайларда
тізбеде
көрсетілмеген тұлғаларға дипломаттық паспорт беруге құқығы бар.
5. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға шығатын және дипломаттық паспорты бар адамдармен бірге жол жүретін жұбайларына, 18 жасқа дейінгі балаларына да дипломаттық паспорт беріледі. 16 жасқа дейінгі балалардың деректері ата-аналардың бірінің паспортына жазылады.
6. Егер дипломатиялық паспорт иесі Қазақстанға оралғаннан кейін бір ай мерзімде республикадан тыс жерге тағы да шықпаса, дипломаттық паспорт азаматтар шетелдік сапарлардан оралысымен он күн мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тапсырылуға тиіс. Тапсырылғаннан кейін паспорттардың сақталуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.
Дипломаттық паспорттардың Сыртқы істер министрлігіне уақтылы қайтарылуы үшін тапсырыстары бойынша дипломаттық паспорттар ресімделген тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен өздеріне дипломаттық паспорт берілген тұлғалар дербес жауапты болады.
7. Дипломаттық паспорт бес жыл мерзімге беріледі.
8. Шетелде дипломаттық паспортын жоғалтқан жағдайда паспорт иесі бұл туралы Қазақстан Республикасының таяу жердегі
дипломаттық өкілдігіне
немесе
консулдық мекемесіне
, егер Қазақстан Республикасының аумағында жоғалтқан болса Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне дереу мәлімдеуге міндетті.
Жоғалғанның орнына жаңа паспорт беру жоғалту туралы ақпарат тексерілгеннен кейін жүргізіледі.
9. Егер паспорт иесі оны иеленуге құқығын жоғалтқан болса, Сыртқы істер министрлігі лауазым иесінен дипломаттық паспортты қайтаруды талап етуге міндетті.
10. Дипломаттық паспортты оның иесі республика аумағында азаматтық-құқықтық келісімдер жасасқан және сенімхаттар ресімдеген кезде пайдалана алмайды.
11.
Дипломаттық паспорттардың бланкілері
қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тапсырыстары бойынша жасалады.
12. Дипломаттық паспорттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 20 шілдедегі
N 59 өкімімен
бекітілген
Дипломаттық паспорт берілетін Қазақстан Республикасы
лауазымды адамдарының
Тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.14. N 323 Өкімімен.
1. Президент
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары
4. Мемлекеттік Хатшы
5. Президент Әкімшілігінің Басшысы
6. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органдардың
басшылары:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
комиссияның төрағасы
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
- Президенттің Күзет қызметінің бастығы
- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Орталық сайлау комитетінің төрағасы
- Ұлттық Банктің төрағасы
- Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы
- Президенттің Іс Басқарушысы
- Конституциялық Кеңестің төрағасы
- Жоғарғы Соттың Төрағасы
- Республикалық ұланның қолбасшысы
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің төрағасы
- Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің
төрағасы
- Бас прокурор
- "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры
7. Үкімет мүшелері
8. Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
9. Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері
10. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
11. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
13. Парламент депутаттары
14. Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің басшылары:
U990006
- Мемлекеттік мүдделерді қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Инвестициялар жөніндегі агенттіктің төрағасы
- Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттіктің төрағасы
15. Президент Протоколының бастығы
16. Президенттің баспасөз хатшысы
17. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің
басшылары
18. Бас сарапшы - Президенттің хатшысы
19. Премьер-Министр Хатшылығының меңгерушісі
20. Премьер-Министр Кеңсесінің Сыртқы экономикалық
байланыстары және протокол бөлімінің меңгерушісі
21. Премьер-Министрдің көмекшісі
22. Парламент Сенаты мен Мәжілісі аппараттарының басшылары
23. Сыртқы істер министрлігінің дипломаттық қызметкерлері мен
дипломаттық курьерлері
24. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың
жанындағы өкілдіктеріндегі дипломаттыққа теңестірілген лауазымдардағы қызметкерлері
25. Әскери атташелер мен олардың көмекшілері
Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын пайдалану құқығы:
Қазақстан Республикасының экс-Президенті мен оның зайыбында;
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасының екінші сыныпты Төтенше және Өкілетті өкілі деген дипломаттық дәрежелері бар отставкаға шыққан дипломаттық қызметкерлерде сақталады.