1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы бекітілсін. <*> Ескерту. Ереже мен мемлекеттік комиссияның құрамы жариялануға жатпайды. Ережеге өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 40 N990040_ өкімімен енгізіледі. 2. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хатшылығының жалпы штат саны 16 мемлекеттік қызметші лауазымдарын қоса алғанда, 20 адам мөлшерінде белгіленсін. Қазақстан Республикасының Президенті